Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 157 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 6, 77-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 65-жолдың 2-бағанындағы «аралында» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-бөліммен толықтырылсын:
«10. Маңғыстау облысында туристік кластер құру және дамыту жөніндегі шаралар: