«Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

Осыған байланысты мемлекеттік жоспарлауға жаңа ұстанымдарды енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық мемлекеттік органдарды айқындады.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізгі элементтері 2008 жылдан бастап әділет, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде, Оңтүстік Қазақстан облысының білім және денсаулық сақтау департаменттерінде енгізілетін болады.

Одан әрі Тұжырымдаманы республикалық деңгейде іске асыруды негізгі ұстанымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік жоспарлаудың жаңа үлгісі шеңберіндегі құзыретіне қатысты «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және бюджет үдерісін реттеуге және бюджет жүйесінің барлық деңгейінде нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізуге қатысты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлеу болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жергілікті атқарушы органдар Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі өз жоспарларын бекітуі қажет.

 

Тұжырымдамаға

Қосымша

 

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі