«Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 162 Қаулысы (2009.10.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

 

 

5.2.5. Жер және су ресурстарының тозуларының, ластануларының

және ауа бассейні ластануының алдын алу

 

Жер ресурстарының тозуының, ластануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар мыналарды қосады:

Қарағанды облысы Шет ауданында қуаң жерлерді басқару жөніндегі жобаны іске асыруды жалғастыру;

ғарыштық ақпаратты пайдаланумен шөлейттену мониторингінің концептуалдық негіздерін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

жайылымдық ресурстарды орнықты басқаруды қамтамасыз ету;

ормандарды сақтау және республика аумағының ормандылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

азып-тозған табиғат ресурстарына түгендеу өткізу;

Арал теңізі бассейінінде жерлердің азып-тозуының алдын алу және қалпына келтіру жөніндегі фитомелиоративтік жұмыстарды жүргізу;

суармалы экожүйелерді басқару;

жер ресурстарына залал келтіретін әрекеттерді уақытша тоқтата тұру немесе тоқтату;

Қазақстанда қуаңшылықты зерттеулер мен болжаулар жүргізу;

шөлейттену үдерістерінің индикаторларын әзірлеу және Батыс Қазақстан облысы бойынша деректер базасын құру.

Ауа бассейні ластануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар мыналарды қосады:

«1979 жылғы 13 қарашадағы «Ауаның үлкен қашықтықтарға трансшекаралық ластануы туралы» конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау шеңберінде жергілікті энергия ресурстарының (көмірдің, мұнай өнімдерінің және газдардың) ерекшеліктерін және оларды жағу технологияларын ескере отырып, ластаушы заттар шығарындыларының, ауыр металдардың және орнықты органикалық ластағыштардың ұлттық жеке коэффициенттерін нақтылау жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ ластаушы заттардың эмиссияларын жыл сайын түгендеуді өткізу және Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуроазиялық экономикалық комиссиясына есеп ұсыну, шығарындылардың көлемін талдау жоспарланып отыр.

Отын-энергетикалық кешенді дамытудың перспективалық жоспарларын және бағдарламаларын ескере отырып, таяу маңдағы 10-20 жылдарға эмиссияларды бұдан әрі болжау үшін энергетикалық сектордан шығарындыларға зерттеу өткізу және талдау, Қазақстан Республикасы атмосферасының техногендік ластануы деңгейіне меншік нысанына қарамастан шаруашылық қызмет объектілерінен ықпалын бұдан әрі болжау үшін эмиссия құрамының сандық және сапалық құрамын мәнді зерттеуді орындау.

Өңірлік атмосфералық үдерістерді және ауаның ластануын үлкен қашықтықтарға трансшекаралық тасымалдануын өңірлер мен шекті аумақтардың атмосфералық ауасында зиянды қоспалардың таралуының негізгі тетіктерін компьютерлік модельдеу әдістерімен есептеу және зерттеу үшін қажетті теориялық аппаратты және есептеу құралдарын әзірлеу мақсатында моделдеу.

Ауа ортасының мемлекеттік мониторингін ұйымдастыру үшін Қызылорда облысы аумағының ауа бассейнін экологиялық зерттеуді өткізу.

Қалалардың атмосфералық ауасы сапасының жай-күйіне диагностика жүргізуге мүмкіндік беретін де, қаланың барлық көздері үшін ластаушы заттар шығарындыларының нормативтерін олардың өзара әсерін ескерумен анықтауға да мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы қалаларының атмосфераларына зиянды заттар шығарындыларының шекті жол беруге болатын жобаларын әзірлеу.

Қазақстан Республикасының едәуір ластанған өнеркәсіптік орталықтарының экологиялық ахуалын оны жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында кешенді бағалауын орындау.

2007 жылы басталған жылу электр станцияларында экологиялық қауіпсіздікті басқару жүйесін ғылыми негіздеу және әзірлеу жөніндегі, сондай-ақ қоршаған ортаны техногендік сипаттағы газдардан қорғау жөніндегі зерттеулерді жалғастыру жоспарланып отыр.

Су ресурстарының сарқылуы және ластануы проблемаларын шешу мақсатында мыналар жоспарлануда:

«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығын іске асыру шеңберінде Астана қаласында «Еуразия су орталығы» акционерлік қоғамы аналитикалық зертханасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және жабдықтауды қамтамасыз ету;

Солтүстік Қазақстан облысы шегінде Есіл трансшекаралық өзенінің бассейніне антропогендік әсерді зерделеу;

жер асты суларының мұнай өнімдерімен және сынаппен ластануымен негізделген Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағының қоршаған орта үшін қауіпті математикалық модельдеу әдістерімен бағалау;

мына қалаларында су бұру объектілерін қайта жаңартуды, салуды орындау: Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Семей, Тараз, Балқаш, Приозерск, Қарағанды, Жаңаөзен, Орал, Сарыағаш, Түркістан, Шолақ қорған ауылы, Арқалық, Петропавл, Алматы, Павлодар;

Шалқар ауданының экологиялық-климаттық тепе-теңдігін сақтау үшін үлкен маңызды, бұл өңірде жалғыз жартылай тұщы су қоймасы болып табылатын, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар көлінің түбін тазалау, гидротехникалық ғимаратын қайта жаңарту жөніндегі іс-шараларды орындау;

Семей қаласының жер асты суларының авиокеросинмен ластануын жою жөніндегі іс-шараларды орындау; Приозерск қаласын тасқын суларды бұру сұлбасының бірыңғай жүйесінің жоқтығымен және грунттық сулардың жоғары тұруымен негізделген тасқын және грунттық сулардан инженерлік қорғау;

Усолка өзенінің арнасын қайта жаңғырту жөніндегі іс-шараларды орындау;

Солтүстік Балқаш маңының табиғат пайдаланушылар қызметінен Балқаш көлі экожүйелерінің технологиялық ластануын төмендету жөніндегі іс-шараларды орындау;

құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды демеркуризациялау бойынша учаскелерді құру.

2007 жылы басталған мыналарға арналған зерттеулерді жалғастыру:

уран өндіру кәсіпорындарының радиоактивті қалдықтармен ластанған ашық су қойнауларын және топырақтың тазарту әдістерін әзірлеу;

Іле-Балқаш бассейні су ресурстарының, жер беті сулары сапасының жай-күйін және Қытай Халық Республикасы аумағында Іле өзені бассейнінде су пайдаланудың күтілетін артуының мүмкін болатын салдарын бағалау;

Ақтөбе облысында Елек өзенінің суларын алты валентті хроммен және бормен ластанудан қорғау жөніндегі технологияларды анықтау үшін іздестірушілік жұмыстарды және зерттеулер өткізу;

шағын өзендердің экологиялық қауіпсіздігін зерделеу және оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

Қазақстанның табиғи-шаруашылық жүйелерінің гидроэкологиялық қауіпсіздігін бағалау.

 

 

5.2.6. Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың көлемін

біртіндеп ұлғайту

 

Бағдарлама шеңберінде, республика аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтардың түзілу және жинақталу көлемдерін төмендету, және сонымен қалдықтардың қоршаған орта құрауыштарының жай-күйіне әсерінің деңгейін төмендету мақсатында мыналар жоспарланып отыр:

ел аумағында тарихи ластануларды түгендеуді өткізу және оларды сатылап жою жөніндегі ауқымды шараларын әзірлеу;

қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеудің параметрлері жөніндегі технологиялық үдерістерін әзірлеу;

ілеспе күкіртті қауіпсіз ұзақ мерзімді сақтау үшін сақтауыштарды құруды қоса алғанда, Қазақстанның өндірістік және тұтыныс қалдықтарын басқарудың ұзақ мерзімдік өңірлік жүйелерін әзірлеу;

Қызылорда қаласындағы бұрынғы ЖЭО-6-ның Сырдария өзенінің су қорғау аймағында орналасқан күл үйіндісінің жерін қалпына келтіру;

Алматы облысының Текелі қорғасын-мырыш комбинатының өңделген қалдық сақтауышын қалпына келтіру.

 

 

5.3. Қоршаған ортаның халық денсаулығына қолайсыз әсерін

төмендету

 

Бағдарлама шеңберінде қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халық денсаулығына әсерін бағалау жөніндегі жұмыстар мына бағыттар бойынша жалғастырылатын болады:

Ақтөбе облысы қоршаған ортасының сапасына және халық денсаулығының жай-күйі шөлейттену үдерістері әсерінің қаупін бағалаудың мақсатты көрсеткіштерін және критерийлерін әзірлеу;

қала халқының ауруға ұшырауы мен атмосфералық ауаның сапасының арасындағы корреляциялық байланыстарын зерделеу жөніндегі ғылыми зерттеулерді өткізу;

қауіп факторларын анықтау және олардың қоршаған ортаға және халық денсаулығына әсерін төмендету жөніндегі зерттеулерді жалғастыру;

шикізатты өндіру және қайта өңдеу ірі объектілерінің және жылу энергетикасы объектілерінің әсер ету аймақтарындағы атмосфералық ауаның сапасымен негізделген халықтың, ауруға ұшырауы қаупінің критерийлерін анықтау жөніндегі ғылыми зерттеулерді өткізу;

Батыс Қазақстан өңірінің экологиялық қолайсыз аудандарындағы қоршаған орта ластануының негізгі индикаторларын және олардың халықтың денсаулығына әсерін анықтау;

Оңтүстік Қазақстан облысындағы экологиялық негізделген ауруларды анықтау үшін қоршаған орта ластануының негізгі факторларын анықтау;

қоршаған ортаның қорғасынмен ластануын кешенді бағалауды өткізу және қалпына келтірудің және экологиялық қауіптерді төмендету технологияларын әзірлеу;

Қазақстан экожүйесінің жай-күйін ғылыми-практикалық бағалау негізінде азық-түлік қауіпсіздігінің экологиялық картасын әзірлеу;

Қазақстан Республикасы аумағында радиациялық мониторинг жүйесін құру;

Қазақстанның аумақтарындағы ядролық сынақ әсерінен болған экологиялық зілзала аймақтарын радиациялық мониторингтің және сауықтырудың кешенді шараларын әзірлеу;

радиожиілік диапазондардың электромагниттік өрісінің қоршаған ортаның жай-күйіне әсерін шекті жол беруге болатын деңгейлердің нормативтерін анықтау мақсатында зерттеу және биологиялық қауіпті және санитарлық қорғау аймағын есептеу әдістемелерін әзірлеу.

 

 

6. Қажетті ресурстар және олардың қаржыландыру көздері

 

Қаржыландыру республикалық бюджетпен, халықаралық грантпен қарастырылған қаражаттар шегінде жүзеге асатын болады.

Мына көлемде қаражат бөлу көзделіп отыр: 35816,0 млн. теңге, оның ішінде:

республикалық бюджеттен 35223,9 млн. теңге көлемінде, оның ішінде:

2008 жыл - 6184,0 млн. теңге;

2009 жыл - 13950,6* млн. теңге;

2010 жыл - 15089,3* млн. теңге;

халықаралық гранттар 592,1 млн. теңге көлемінде, оның ішінде:

2008 жыл - 302,2 млн. теңге;

2009 жыл - 150,5* млн. теңге;

2010 жыл - 139,4* млн. теңге.

Ескертпе: - қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына бюджетті қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.

 

 

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

 

Бағдарламаны іске асыру өндірістің болжанатын өсуі кезде қоршаған ортаның сапасын басқару тетіктерін әзірлеуге және сынауға, оның тозу қарқынын бәсеңдетуге, жеке барынша қауіпті үдерістерді және үрдістерді тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға экологиялық жүктемені төмендету және экологиялық инфрақұрылымның дамуы саласында қаланың орнықты дамуының мақсатты көрсеткіштеріне жоспарлы қол жету 2010 жылға қарай қамтамасыз етілетін болады (1-кесте).

 

1-кесте

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

 

 

ҚР Үкіметінің 2009.10.11. № 1803 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. «Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған

қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасын іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспары