«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: инвестициялық серпінді жобаларды (құрылыс кестесі бойынша) жүзеге асыру, оның ішінде:
- мақталықтың сұрыптық тұқымының материалын өндіру бойынша зауыттың құрылысының бірінші кезеңін 2009 жылғы желтоқсанға дейін қамтамасыздандыру;
- 2009 жылдың желтоқсан айына дейін Поти (Грузия) портындағы (диірмені бар) астық терминалының құрылысы және жабдықтау;
- 2009 жылдың желтоқсан айына дейін Амирабад (Иран Ислам Республикасы) портындағы астық терминалының құрылысы және жабдықтау - ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарларының (аймақтық терминалдарымен) құрылысына дайындық жұмыстарын қамтамасыз ету; - Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-көкөніс өндірісін дамытуды 2009 жылғы қазанға дейін бастау.
Түпкілікті нәтиже: инвестициялық серпінді жобаларды (құрылыс кестесі бойынша) жүзеге асыру төмендегідей мүмкіндіктерді береді:
- мақталықтың сұрыптық тұқымының материалын өндіру бойынша зауыттың құрылысының бірінші кезеңін қамтуға;
- Поти портында (диірмені бар) астық терминалын құруға Ақтау және Баку порттарындағы астық терминалдарына біртұтас көлік тізбегін ұштастыруды үйлестіру және ол Әзірбайжан, оған шекаралас елдер, біріншіден, Грузия және Түркия елдерінің рыногында Қазақстан астығының ұстанымын күшейту және бекіту үшін жағдай жасайды, сонымен қатар Кавказ арқылы Грузияның Қара теңіз порттарына одан әрі ЕО және Африка елдеріне астықтың былайғы жылжуына мүмкіндік береді;
- астықтықтың дүниежүзілік ірі импортерлерінің бірінің жерінде астық терминалын құру, қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге республикамыздағы астық саласы үшін стратегиялық маңызы бар Иран рыногында өзінің құзырын кеңейту және бекіту үшін жағдай жасау; - ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарларының (аймақтық терминалдармен) құрылысына дайындық жұмыстарын қамтамасыз етеді; - Оңтүстік-Қазақстан облысында тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-көкөніс өндірісін дамытуды бастау жеміс-жидек дақылдарын және жүзім тұқымын өсіруді қайта жаңғыртуға, жеміс-көкөніс өнімінің өндірісінің көлемін ұлғайтуға көмегін тигізеді.».
Қаржылық-экономикалық нәтиже: осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде:
Оңтүстік Қазақстан облысында жылына шамасында 5 мың тонна тұқым өндірісі қуаттылығы бар, әрі қарай жылына 10 мың тоннаға дейін ұлғайтылатын, мақталықтың сұрыптық тұқымының материалын өндіру бойынша зауыт құрылысының бірінші кезеңінде қатысудың 100 пайызы қаржыландырылды;
Поти портында 24 мың тонна астықты бір мезгілде сақтау мүмкіншілігі бар элеватор мен тәулігіне 500 тоннаға дейін ұн шығару қуаттылығы бар диірмені бар жылдық өткізу қуаттылығы 500 мың тоннадан 700 мың тоннаға дейін баратын (диірменімен) астық терминалы кешенінің құрылысына қатысудың 50 пайызы қаржыландырылды;
Амирабад портында бір мезгілде 53 мың тонна сақтау мүмкіншілігі бар элеваторды қоса, жылдық өткізу қуаттылығы 500 мың тоннаға дейін баратын астық терминалы кешенінің құрылысына қатысудың 50 пайызы қаржыландырылды; Астана қаласының жанында (аймақтық терминалдармен) ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарларының жаңа заманғы жоғары технологиялық кешенінің құрылысының бірінші кезеңіне қатысудың 100 пайызы қаржыландырылды; бұрынғы «Ақдала» ТШ» РМК пайдаланылмаған жерінің базасында жеміс-көкөніс кластерін құру басталады.
Уақыттылығы: 1. Мақталықтың сұрыптық тұқымының материалын өндіру бойынша зауыттың құрылысы. Корпорацияның жарғылық капиталына түсетін ақшалай қаражат зауыт құрылысы кестесіне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысында мақталықтың сұрыптық тұқымының материалын өндіру бойынша зауыт құрылысының бірінші кезеңін қамтамасыздандыру үшін Корпорацияның еншілес кәсіпорнының жарғылық капиталын көбейтуге жіберіледі;
2. Поти портындағы (диірмені бар) астық терминалының құрылысы және оны жабдықтандыру.
Корпорацияның жарғылық капиталына түсетін ақшалай қаражат, құрылыс кестесі бойынша Поти портындағы (диірмені бар) астық терминалының құрылысы мен жабдықтау үшін Корпорацияның еншілес кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға жіберіледі;
3. Амирабад портындағы астық терминалының құрылысы және оны жабдықтау.
Корпорацияның жарғылық капиталына түсетін ақшалай қаражат, құрылыс кестесі бойынша Амирабад портындағы астық терминалын құру үшін Корпорацияның еншілес кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға жіберіледі.
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарларын салу (өңірлік терминалдармен). Жарғылық капиталына түсетін ақшалай қаражат, құрылыс кестесі бойынша Астана қаласының жанында (өңірлік терминалдармен) ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарлары құрылысының бірінші кезеңін қамтамасыз ету үшін Корпорацияның еншілес кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға жіберіледі;
5. Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-көкөніс өндірісін дамыту. Корпорацияның жарғылық капиталына түсетін ақшалай қаражат, осы жобаны 2008 - 2009 жылдарда іске асыруды бастау үшін Корпорацияның еншілес кәсіпорынының жарғылық капиталын ұлғайтуға жіберіледі.
Сапасы: 1. Мақталықтың сұрыптық тұқымының материалын өндіру бойынша зауыттың құрылысы.
Түпкі нәтижесінде 5 мың тоннадан астам мақталықтың тұқымын қайта өңдеу жолымен мақталықтың сапалы тұқымын Қазақстанның қажеттілігін жылда жауып тұруды қамтамасыздандыратын мақталықтың сұрыптық тұқымының материалын өндіру бойынша зауыттың құрылысы бойынша жобаны іске асыру, мақталықтың жалаң тұқымдарын (элита, 1-2 көбейтілуі) жылына 5 мың тонна көлемінде өндіру;
2. Поти портындағы (диірмені бар) астық терминалының құрылысы және оны жабдықтандыру.
Поти портында жылдық өткізу мүмкіндігі 350 мың тонна, көлемі 24 мың тонна элеваторы бар тәулігіне 500 тоннаға дейін қуаттылығы бар диірменімен, теңіз кемелеріне астықты қабылдай да, түсіре де алатын заманға сай жүк тиеу жабдығы бар астық терминалының кешенін құру;
3. Амирабад портындағы астық терминалының құрылысы және оны жабдықтау.
Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге республикамыздағы астық саласы үшін стратегиялық маңызы бар Иран рыногында өзінің құзырын кеңейту және бекіту үшін жағдай жасайтын астықтықтың дүниежүзілік ірі импортерлерінің бірінің жерінде астық терминалын сатып алу және жабдықтау.
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базарларын салу (өңірлік терминалдармен) сауданың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме саудасы бойынша жоғары технологиялық кешен құруға мүмкіндік береді, ол азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді және олардың бағасының маусымдық ауытқуын жұмсартады. Жобаны іске асыру астана тұрғындарын жалпы тұтыну санының 30 %-ға жуық көлемде бағасы төмен азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
5. Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-көкөніс өндірісін дамыту. Жобаны іске асыру тамшылатып суарудың жаңа технологиясын қолдану арқылы бұрынғы «Ақдала» ТШ» РМК пайдаланылмаған жерінің базасында 2008 жылдан бастап 150 га дейінгі алаңға жеміс-көкөніс кластерінің негізін салуға мүмкіндік береді. Тамшылатып суарудың жаңа технологиясын қолдану арқылы 4,2 мың га дейінгі игерілмеген жерге егіс егуді ұйымдастыру жоспарлануда. 2008 жылы жоспарланған өнімнің көлемі 10,8 мың тонна шамасын құрайды, ол 2014 жылға қарай 159 мың тоннаға дейін ұлғайтылады.
«Мал өнімдері корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне, ауыл тұрғындарына және қайта өңдеу кәсіпорындарына, мал өнімдерінің экспортқа бағытталған түрлерін сатып алу, оны қайта өңдеу және негізінде экспортқа сату арқылы қызмет көрсету;
халықаралық талаптарға сай мал өнімінің экспорттық партияларын қалыптастыру үшін инфрақұрылымдық объектілерін құру.
Түпкілікті нәтиже: дүниежүзілік рыноктағы отандық мал өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру;
жылдық жоғары сапалы етті өндіру қабілеті 1 000 тоннаға жететін дамыған экспорттық инфрақұрылымы бар бордақылау алаңдарының құрылысын қамту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жоғарғы қосымша құнды мал өнімдері өндірісін ұлғайту;
отандық мал өнімдерінің экспортты жеткізілімін ұлғайту.
Уақыттылығы: жаппай өндіру мерзімінде (мамыр-желтоқсан 2008 жыл) мал өнімдерін сатып алу операцияларын ұйымдастыру және жүргізу;
ірі қара мүйізді мал үшін бордақылау алаңдарын құру (қаңтар-желтоқсан 2008 жыл).
Сапасы: ірі қара мүйізді мал үшін заманға лайықты бордақылау алаңдарын құру және ұйымдастыру, халықаралық стандартқа сәйкес жоғарғы сапалы етті өндіруге мүмкіндік береді;
мал өнімдерінің халықаралық сауда жүйесінде Қазақстанның экспорттық ұстанымын бекіту.
«ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамының жарғылық қорын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: 200 мың көлеміндегі мақта-шикізаттың мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігінің көлемін қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: мақта қолхаттарын кепілдікке беріп ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелеу және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындау кепілдігі үшін қаржылық негіз құру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қордың қатысушылары - мақтаны қайта өңдеуші ұйымдарда 200 мың тоннаға дейінгі мақта-шикізаттың сақталуын қамтамасыз ету.
Уақыттылығы: мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігін қамту және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігінің жүйесінің қалыптасуы.
Сапасы: мақта-шикізаттың сатысының төмендеуін болдырмау немесе Қордың қатысушылары - мақтаны қайта өңдеу ұйымдарында оны жоғалту және мақта қолхаттары бағдарламасы бойынша несиелеуді ұлғайту.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: табысы төмен және орташа үй шаруашылықтарын шағын несиемен қамту шеңберін кеңейту, 2008 жылда шағын несиелерді алатын үй шаруашылықтары саны шамасы 10 769 бірлікке жетеді, оның ішінде 5 000 бірлік филиалдар мен өкілдіктер арқылы; 5 769 бірлік шағын несиелендіру ұйымдары арқылы (несиенің орташа мөлшері - 260 мың теңге болған жағдайда);
2008 жылда кәсіпкерлік негізіне оқытылған ауыл тұрғындарының санын 14 000 адамға шейін арттыру;
Соңынара ауыл тұрғындарын шағын несиелендіру үшін Қор берген ақшалай қаражат беру арқылы ауыл аймақтарында шағын несиелендіру жүйесін қолдау және дамыту;
Жалдауға, кеңсе ғимаратын жалға беру қызметін сатып алу бойынша жыл сайын конкурсты өткізуге, көшуге және жиі мекен-жайды өзгертуге кететін шығындарды азайту мақсатында Қордың 4 филиалдары мен 1 өкілдігін, орталық аппараттың жеке меншік ғимаратының болуы.
Түпкілікті нәтиже: ауыл тұрғындарының табыстарын көбейту, қосымша жұмыс орындарын құру, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік қабілетін арттыру, ауылдық жерлерде шағын несиелендірудің тиімді жүйесін құру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2008 жылы 1 қарыз алушыға - 14 мың теңге микронесие ұсыну бойынша Қордың шығындары.
Уақыттылығы: 2008 жылы 10 769 үй шаруашылықтарын микронесиемен уақтылы қамту, үйрету жоспары бойынша 700 семинар өткізу.
Сапасы: 2008 жылы шағын несиені қажет ететін үй шаруашылығын шағын несиемен 3,1 пайызға қамту.
«Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту:
Тікелей нәтиже: ауыл аумақтарында ақпарат және кеңес берудің 50 ауылдық пилоттық нүктелерін құру.
Түпкілікті нәтиже: агроөнеркәсіптік кешендердің субъектілерінің ақпараттық қорларға қол жеткізуін қамту;
ауыл тұрғындарының білімі мен ақпараттылық деңгейін көтеру;
Астана қаласындағы көрме-жәрмеңке кешенінің құрылысының бірінші кезеңін қамту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: кәсіпкерлік ортаның ынталығын жүзеге асыру үшін ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешендердің субъектілеріне қосымша ақпарат алу көзін қамтамасыздандыруды ұйымдастыру арқылы жайлы жағдай құру.
Уақыттылығы: белгіленген мерзімде бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын орындау.
Сапасы: ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешендердің субъектілеріне агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-маркетингтік және кеңес беру қызметіне ауқымды шеңберде қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
134-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ормандарды сақтау және республиканың орманды аумақтарын көбейту» деген 044 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 282970 мың теңге (екі жүз сексен екі миллион тоғыз жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін ұлғайту жобасы) және Қазақстан Республикасы мен Ғаламдық экологиялық атқарушы ұйымы ретінде қатысушы Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің арасындағы Траст-қордың гранты туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін ұлғайту жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 маусымдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республиканың орманды алқаптарын сақтау және қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жобаны үйлестіру, орман шаруашылығы секторында консультациялық қызметтер көрсету, ормандарды қорғау және молықтыру үшін тауарлармен, материалдармен және тиісті техникамен жарақтандыру, өртке қарсы мақсаттағы және ормандарды молықтыру үшін объектілер салу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара); 2008.26.09. № 5816 (бұр. ред. қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: