2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 101-144-қосымшалар) (үзінді) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 62210 мың теңге (алпыс екі миллион екі жүз он мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 300 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің агроөнеркәсіптік кешендері үшін жоғары білікті және бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін материалдық-техникалық жағынан жабдықтау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: 

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің техникалық факультетінің оқу ғимаратының құрылыс-монтажды жұмыстарын жүргізу; инжинирингілік қызметті және авторлық қадағалауды жүргізу.

Түпкілікті нәтиже: 570 студент оқыту үшін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті техникалық факультетінің 5 қабатты оқу ғимаратының құрылысы жалғасады.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2010 жылда күтіледі.

Уақыттылығы: жұмыстар кестесінің жоспарына сәйкес.

Сапасы: құрылыстық нормалар мен ережелерге сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

108-ҚОСЫМША

 

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Мемлекеттік мекемелердің инфрақұрылымын дамыту»

деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 278567 мың теңге (екі жүз жетпіс сегіз миллион бес жүз алпыс жеті мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 34-бабы;»Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысы; «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инфрақұрылымын дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инспекторлық құрамы үшін кордондар, гараж, гараж бокстарын және қосымша құрылыстар салу, өртке қарсы шаралар үшін эксплуатациялық ұңғымалар бұрғылау, Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесінің Көкшетау аймақтың орман тұқымы станциясының зертханалық корпусын қайта жаңартуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне екі пәтерлі кордондар - 4 бірлік, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кордондар - 6 бірлік, Қаратау мемлекеттік табиғи қорығына кордондар - 3 бірлік, Қаратау мемлекеттік табиғи қорығына өндірістік база - 1 бірлік, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығына гараж - 1 бірлік, Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығына гараждық бокстар - 5 бірлік және қосымша құрылыстар - 6 бірлік салынатын болады, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватына өртке қарсы шаралар үшін эксплуатациялық ұңғымалар бұрғыланатын болады - 11 бірлік. Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесінің Көкшетау аймақтық орман тұқымы бекетінің лабораториялық корпусын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады.

Түпкілікті нәтиже: мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау және қалпына келтіру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2009 жылда күтіледі.

Уақыттылығы: жұмыстар кестесінің жоспарына сәйкес.

Сапасы: генетикалық резервтің табиғи эталон, уникум және көнезамандық түрлері ретінде ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылықтарға ие мемлекеттік қорғауға алынған мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтаудың тиімділігі мен сапасын арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

109-ҚОСЫМША

 

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне

ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 21698062 мың теңге (жиырма бір миллиард алты жүз тоқсан сегіз миллион алпыс екі мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 135-бабы; «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабы; «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 10-бабы; «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 3,  9 және 11-баптары; «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; «Тоқыма өнеркәсібі» пилоттық кластерін дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 858 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы органдары арқылы мемлекеттік қолдауды іске асыру жолымен отандық тауар өндірушілердің өндірген мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын, бәсекеге қабілеттілігін, өнімділігін, пайдалылығын және тиімділігін көтеру, республиканың суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етуді арттыру, суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісінің пайдалылығын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігін және өсімдік шаруашылығында өндірілетін өнімінің сапасын арттыру, бірінші ұрпақты будан мен элиталық тұқымды толық қажеттілікте өсіру үшін қажетті бірегей тұқымды санында және ассортиментте өндіру есебінен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің гендік қорын сақтап қалу;

отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің асыл тұқымды өнімге қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы ауыл шаруашылығы малдарының гендік қорын дамыту және сақтап қалу және мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының тұқымдық базасын қалпына келтіру;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынының, тыңайтқыштардың (органикалықтардан өзге) тұқым улағыштардың және гербицидтердің құнын арзандату;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз ету;

жеміс дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз ету, отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының сапалы шикізатқа қажеттілігін, республиканың тұрғындарын - жаңа және қайта өңделген өніммен қанағаттандыру;

құрама жемнің, құнарлы азықты қоса алғандағы құнын арзандату арқылы мал шаруашылығы өнімінің өндірісін ұлғайту және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру;

қазақстандық мақта талшығының сапасына міндетті түрде бума бойынша сараптама жасауды енгізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау:

Тікелей нәтиже: қажетті көлемде элиталық тұқым өндіруді қамтамасыз ету үшін дәнді, дәнді бұршақты, майлы және көкөніс дақылдарының, күріштің, қант қызылшасының, жүгерінің, картоптың, біржылдық және көпжылдық шөптердің, мақтаның 6500-8500 тонна бірегей тұқымдарын өндіруге жұмсалған шығындарды өтеу; жеміс-жидек дақылдарының, жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын 20,0 гектар алқапқа салуды және 19,7 гектар алқапта жеміс-жидек дақылдары мен жүзім аналықтарының аяқталмаған өндірісін ұстауды қолдауды қамтамасыз ету;

54000-58000 тонна дәнді, дәнді бұршақты, майлы және көкөніс дақылдарының, күріштің, қант қызылшасының, жүгерінің, картоптың, мақтаның, біржылдық және көпжылдық шөптердің элиталық тұқымдарының және 1100000-1300000 дана жеміс дақылдары мен жүзім көшеттерінің құнын арзандату арқылы отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің элиталық және будандық тұқымдарға қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Түпкілікті нәтиже: егістіктердегі жоғарғы репродукциялы тұқымды пайдаланудың үлестік салмағы 87 %-ға дейін, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің аналықтарын сату алқабы 45 гектарға дейін көбейту.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінің айналым қаражаты 1134415,0 мың теңгеге көбейеді, арзандатылған тұқымдардың орташа құны: дәнді-дақылдар шамамен 37000 теңгені, картоп - 79000 теңгені және мақта - 60000 теңгені құрайды.

Уақыттылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде орындау.

Сапасы: себілетін тұқымның сапасын жақсарту: кондициялы тұқымның үлес салмағы 90 % құрайды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту:

Тікелей нәтиже: сатылатын асыл тұқымды төлдің салмағы: 8000-12000 тонна; асыл тұқымды жұмыртқа - 3000-5000 мың дана; жоғары өнімді бұқалардың ұрығы - 500-700мың доза;

мал және құс шаруашылығының асыл тұқымдық базасын қалпына келтіру мақсатында 50 бас отандық және шет елдік - селекциядан алынған аталықтар, сондай-ақ шетелдік селекциялық 20 дана эмбриондар мен 16456доза бұқалардың ұрығы және 11000-12000 бас асыл тұқымды құстар сатып алынады;

мал тұқымын асылдандыру ісі үшін 81 данаға дейін арнайы технологиялық жабдықтар, арнайы ауыл шаруашылығы және ұйымдастыру техникасы сатып алынады;

асыл тұқымды мал шаруашылығының әрбір субъектісіне сатқан асыл тұқымды өнімі (материалы) үшін орташа есеппен 3775 мың теңгеден астам қаржылай көмек көрсетіледі.

Түпкілікті нәтиже: отандық тауар өндірушілерге сатылатын асыл тұқымды төлдердің есебінен жыл сайын 30-35 асыл тұқымдық шаруашылықтар қалыптасады;

сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру бекеттерін қалпына келтіру және жаңадан салу есебінен олардың саны көбейеді, бұл қолдан ұрықтандырылған аналықтардың санын 280 мың басқа жеткізуге мүмкіндік береді, ауыл шаруашылығы құрылымдардағы өнімділігі сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиырларды қолдан ұрықтандыру әдісімен қамту 100%-ға жетеді;

қолдан ұрықтандыру үшін жоғары классты аталық бұқалардың ұрығын пайдалану малдың өнімділігін 5-6 %-ға арттыруға мүмкіндік береді және тиісінше мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 4-5 %-ға ұлғаяды;

аудандастырылған бағалы тұқымның гендік қорын дамыту және сақтап қалу: болжам бойынша асыл тұқымды мал басының өсуі 10-15% (қойлар 20% жоғары);

етті құс өсіру жөніндегі асыл тұқымды шаруашылық репродукторларға ата-аналық тұрпатты 670 мың дана асыл тұқымды жұмыртқа, сонымен қатар құс етінің өндірісі 50%-ға өседі;

құрылып жатқан асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінде 200-250-дей жұмыс орындары ашылады;

келешекте отандық салт мініс жылқының екі тұқымы шығарылады.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: асыл тұқымды мал шаруашылықтарының қаржылай-экономикалық жағдайлары жоғарылайды, сатқан ірі қара мал, жылқы, түйенің әр басынан 15-18 мың теңге, қойдан - 3,5-5 мың теңге, шошқадан - 5-6 мың теңге табыс түседі.

Уақыттылығы: берілген бағдарламада көзделген іс-шаралар көрсетілген мерзімде орындалады.

Сапасы: ауыл шаруашылығы малдарының өнімдік және тұқымдық сапалары жоғарылайды, асыл тұқымды малдың жалпы мал санынан үлесі 10% болады, бірінші және элита классты асыл тұқымды малдың үлесі 30%-тен жоғары болады. Қазіргі уақытта республикада кейбір асыл тұқымды шаруашылықтарда малдың сүт өнімділігінің деңгейі 6000 килограмнан асып, еуропа елдерінің деңгейіне жетті. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай және басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың бағасын арзандатуға, өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын жақсартуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер.

Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің 15,0-15,9 миллион гектар алаңда басымды дақылдар бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын, тыңайтқыштарды (органикалықтардан өзге), тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алу бағасын төмендету:

Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін, азық-түлік қауіпсіздігін және өндірістің агротехнологиялық айналымын қамтамасыз ету;

республиканың экспорттық әлеуетін және ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын, тыңайтқыштарды (органикалықтардан өзге), тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алу шығынын өтеу орта есеппен 11-12,4% құрайды.

Уақыттылығы: бағдарламада көрсетілген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.

Сапасы: тұқым улағыштарды, тыңайтқыштарды гербицидтерді қолдану нәтижесінде өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сонымен қатар көктемгі - дала және күзгі егін жинау жұмыстарының уақтылы өтуін қамтамасыз ету.