ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мал мен құс аурулары диагностикасының қолданыстағы әдістерін жетілдіру; «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдістеме ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесін: лабораториялық құралдармен: жануарлар үшін изоляторлар - ұсақ (ауру жұқтырған жануарларға) арналған ауа алмастыратыны бар шкаф - 2 бірлік, жуатын машина - жалпы зертханалық ыдыстарды жуу үшін қондырмалар жинақтары бар - 1 жинақ, фармацевтикалық мұздатқыш - қалыпты температурасы + 2 градус С төмен емес шамасын ұстайтын - 1 бірлік, құрғатып, қыздыратын шкаф - температурасы 300 градус С дейін, жұмыстық камерасының көлемі 110 литрден төмен емес - 1 бірлік, зертханалық шайқағыштардың жинақтары: микро түтікшелер үшін вортекс; 10 миллилитрден кем емес көлемдегі түтікшелер үшін вортекс; қыздыратыны бар, магнитті шайқағыш; жай магнитті шайқағыш; колбаға арналған шейкер; 96 ұяшықты планшета үшін шейкер - 2 жиынтық, су моншасы - қалыпты температурасы 100 градус С дейін, көлемі 20-дан кем емес - 1 бірлік, принтері бар компьютер - 4 бірлік; сынаманы талдамаға дайындайтын жүйе (белок/азот, ауыр металдар) - 1 бірлік, ПТР талдау үшін плашектарды шамалы уақыт ішінде мықтап жабатын қондырғы жинақтары, шығын материалдарымен - 2 жиынтық, құрал жабдықтарымен проектор - 2 дана; лабораториялық жануарлармен қамтамасыз ету. Мал өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу үшін мамандарды соңғы сынақ әдістеріне үйрету. Жануарлар мен құстардың ауруларын диагноз қою бойынша 16-26 миллион зерттеулер, 90,0-130,0 миллион бас жануарлар мен құстарды иммунизациялау, жануарлар мен құстардың қауіпті жұқпалы және созылмалы ауруларының ошақтарын 100 % жою, Қазақстан Республикасы аумағына жануарлар мен құстардың ауруларының шекаралас мемлекеттерден енуіне жол бермеу.
Түпкілікті нәтиже: лабораториялық диагностиканың мемлекеттік жүйесін халықараралық стандартқа сәйкестендіру; Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, жануарлар әлемі және құстары үшін эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 диагностикалық зерттеуге орташа шығын - 129,45 теңге, бір алдын алу іс-шарасына - 24,03 теңге, Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар мен құстардың ауруларының ошағын жоюға және жануарлар және құстардың жіті инфекциялық ауруларының таралуының алдын алуға - 827 029 мың теңгені құрайды.
Уақыттылығы: аталған бағдарламада қаралған іс-шаралар жоспарын көрсетілген мерзімде орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасында 100 % эпизоотиялық қолайлылыққа қол жеткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
117-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру қажеттіліктерін қамтамасыз ету»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 12660382 мың теңге (он екі миллиард алты жүз алпыс миллион үш жүз сексен екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 3 , 4 , 6 , 9 , 10, 11, 12-баптары; «Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 3 , 9 ,12-баптары; «Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысы; «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы акционерлік қоғамын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігін және жұмылдыру қажеттіліктерін қамтамасыз ету, ішкі астық нарығын реттеу, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік азық-түліктік астық резервін дер уақытында жаңарту және ішкі астық нарығын реттеу, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервін сақтау және орнын ауыстыру.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
мемлекеттік ресурстарға сатып алынған астық көлемі 517 мың тоннаға дейін;
республиканың астық қабылдау кәсіпорындарында сақтаудағы мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің көлемі 500 мың тонна;
жеке меншік астық қабылдау кәсіпорындарынан мемлекеттік астық базаларына орны ауыстырылған мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің көлемі 17 мың тоннаға дейін.
Түпкілікті нәтиже:
есеп беру кезеңінің соңына мемлекеттік азық-түліктік астық резервіне орналастырылған ағымдағы жылғы егін астығының көлемі 30 % шамасында (ғылыми негізделген нормалар бойынша 30% кем емес);
астық резервінің үлесі республика тұрғындарын азық-түліктік қамтамасыз етудің жылдық қажеттілігінің шамамен 16,0-17,0%;
ішкі астық нарығын реттеу үшін мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының көлемі 517 мың тонна шамасында болуы;
астықты мемлекеттік сатып алуға қатысушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің саны 1 500 бірліктен кем емес.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын 3 сыныпты жұмсақ бидайдың 1 тоннасының орташа бағасы 30,4 мың теңге;
мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын 1 тонна астықтың сақтау құны 130-140 теңге;
мемлекеттік астық ресурстарының 1 тоннасының орнын ауыстыру құны 1200-1300 теңге.
Уақыттылығы: белгіленген мерзімде мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің астығын сақтау және орнын ауыстыру.
Сапасы: жоғарғы сапалы астықты 100% сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің астығын 100%-дық сандық-сапалық сақтау және мемлекеттік резервке сатып алынған астықтың 3,5% дейінгі көлемінің орнын ауыстыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
118-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету»
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 161983 мың теңге (бір жүз алпыс бір миллион тоғыз жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 159-бабы; «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 10-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы;»«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемені құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 83 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дала жұмыстарын бастауды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себу, жинау мерзімдері мен көлемдерін жоспарлау үшін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін сапалы агрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету; өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігін, жалпы өнімі мен сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: топырақ ылғалдылығының жай-күйіне, дала жұмыстарының басталуы алдында топырақ ылғалдылығы қорларын, тұқым себу мерзімдерін, дәнді дақылдарды жинаудың агрометеожағдайларын бағалау және болжау, агрометеорологиялық көрсеткіштерді былтырғы жылғымен салыстырғанда, танаптарда қардың қалың жиналу жағдайын және басқаларды талдау метеопараметрлеріне 100% бақылау жүргізу; жаздық дәнді дақылдар егістігінің жағдайына ғарыштық мониторинг жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін бағалау, топырақтың құнарлылығын сақтау және көтеру.