2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 101-144-қосымшалар) (үзінді) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз ету үшін агрометеорологиялық мониторинг жөнінде 191 дана және ауыл шаруашылығы алқаптарының және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ғарыштық мониторингі жөнінде 7 дана ақпарат алу. «Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін «УАЗ» микроавтобусымен - 1 бірлік, зертханалық жабдықпен - 9 бірлік, зертханалық жиһазбен - 2 бірлік, АА-6200 (хром, темір элементтеріне арналған атомдық-абсорбциондық спектрометр) арналған катодты шамдармен - 2 бірлік, жарақтау. Топырақтың агрохимиялық құрамы туралы анық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларымен бірлесе отырып 20-30 мың бақылаулық топырақ үлгілерін алу және талдау, 1,8 миллион гектар жалпы алқапта жыртылатын топырақтың тиімді құнарлылығының мониторингін және топырақ-агрохимиялық жұмыстардың сапасына ғылыми-әдістемелік басшылық жүргізу. Агрохимиялық мәліметтер банкін 200,0 мың банк бірліктерімен және 4 000,0 мың гектар көлемдегі алқаптарға электрондық карталарын әзірлеу және басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін қазіргі заманғы ГИС-технологиялар негізінде топырақтың гумуспен және қоректік заттардың жылжымалы нысандарымен қамтамасыз етілуі жөніндегі 5,0 мың агрохимиялық картограммаларын дайындау. Жер пайдалану аумағының агроландшафттық жағдайын ескере отырып минералдық тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздемесін әзірлеу үшін химияландыру құралдарын тиімді пайдалану жөніндегі ғылыми-өндірістік тәжірибелер, микротыңайтқыштардың жаңа түрлерін сынау жүргізу. 2 500 топырақ және 2 000 өсімдіктер үлгілерінде ауыр металлдардың түзілуіне химиялық талдау жүргізу. Минералдық тыңайтқыштарды тиімді қолдану жөніндегі ұсынымдар дайындау.

Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барынша келемін агрометеорологиялық мониторинг жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету, негізгі ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу мерзімдерін, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін есептерін болжау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелерін ауыл шаруашылығы алқаптарының ғарыштық мониторингінің нәтижелері бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету, агрохимиялық қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенін агрохимиялық мәліметтермен қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: IRS спутнигінен космостық суретке түсірудің бір көрінісінің құны 80,0 мың теңге, канадалық RADARSAT-1 барлық ауа-райылық спутнигінен космостық суретке түсірудің бір көрінісінің құны 130,0 мың теңге.

Уақыттылығы: агрометеорологиялық, ғарыштық мониторингті және агрохимиялық мониторингті белгіленген мерзімдерде жүргізу.

Сапасы: агрометеокөрсеткіштер болжамдарының 85 % шынайылығы мен дәлдігін, егістік алқаптар мен егістіктердің жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамсыз ету. Агрохимиялық қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және агроөнеркәсіп кешені ұйымдарын агрохимиялық ақпараттық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

119-ҚОСЫМША

 

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану»

деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 341883 мың теңге (үш жүз қырық бір миллион сегіз жүз сексен үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 46,  57, 59-баптары; «Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың басты және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы теңгерімдерін әзірлеу әрі бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 159 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикадағы су ресурстарын тұрақты және теңгерімді пайдалануды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экономика саласымен халықтың суға деген перспективалық қажеттілігін қанағаттандыру үшін негізгі бағыттар мен шараларды айқындау; Өленті өзені бассейінің су қорын айқындау, экономика салаларын су ресурстары мен олардың пайдалануы туралы қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету; 50 миллион куб метр көлемде су өткізу жолымен Шідерті өзенінің төменгі жайылмасының табиғи көктемгі гидрологиялық тәртібін қалпына келтіру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: 

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Іле өзені және Сырдария өзені ағысы бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың екі сызбасын әзірлеуді аяқтау; Балқаш-Алакөл бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сызбаларының негізгі жағдайларын әзірлеуді бастау; су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың Бас сызбасын әзірлеуді бастау; Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында 50 миллион текше метр су жіберу.

Түпкілікті нәтиже: әзірленген су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сызбаларымен Қазақстан Республикасы аумағының 90% және Қазақстан Республикасы аумағында 33 % су ресурстарын кешенді пайдаланудың бас сызбаларын қамту; Өленті өзенінің перспективалық су шаруашылығы балансын әзірлеу; экономика саласының тұрақты дамуы үшін, халықтың қажеттілігін кешенді есепке алу үшін су ресурстарының пайдалануын мемлекеттік есепке алу; Шідерті өзенінің жайылмасын табиғи гидрологиялық тәртібін қалпына келтіру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларының құны Іле өзені бассейнінде - 32 589 мың теңгені, Сырдария өзені - 32 189 мың теңге, Балқаш-Алакөл бассейні - 26 000 мың теңге, су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың Бас сызбаның құны - 54 000 мың теңге; Өленті өзенінің су шаруашылығы балансын әзірлеу - 13 500 мың теңге; Мемлекеттік су кадастрын құрастырудың бір айлық құны - 1 050 мың теңгені құрайды; Шідерті өзенінің жайылмасындағы»Қаныш Сәтпаев атындағы арнадан берілетін судың бір текше метрі қосымша құн салу қоса алғанда - 3,42 теңгені құрайды.

Уақыттылығы: су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сызбаларын құрастыру және Өленті өзені перспективалық су шаруашылық балансын әзірлеу; мемлекеттік су кадастрын құруды 2008 жылғы желтоқсанда аяқтау; Шідерті өзені жайылмасына су жіберу 2008 жылғы сәуір-мамыр айларына арналған жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Сапасы: су ресурстарын-қорғау және кешенді пайдалану сызбаларын су шаруашылығы баланстары мен су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану бас және бассейндік пайдалану сызбаларын бекіту және әзірлеу Ережесіне сәйкес құру; су объектілеріне мемлекеттік мониторинг жүргізу, суды және оны пайдалануды мемлекеттік есепке алу Ережелеріне сәйкес су кадастрын құру; табиғатты қорғау мақсатында су жіберу негіздемесіне сәйкес Шідерті өзені жайылмасының табиғи жағдайын қалпына келтіру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

120-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау»

деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 325881 мың теңге (үш жүз жиырма бес миллион сегіз жүз сексен бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы заем туралы келісімді (Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 кезең) жобасы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 наурыздағы Заңы;»«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1-кезең) жобасын қаржыландыруға Халықаралық Қайта құру және Даму Банкін тарту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қазандағы № 1342 қаулысы; «Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 915 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалуды қамтамасыз ету, Сырдария өзені атырауының су ресурстарын қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру және балық шаруашылығын дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейін тұрақтандыру, Сырдария өзені арнасынан су өтімін реттеу үшін гидротехникалық құрылыстар салу арқылы Арал өңірінде орналасқан елді мекендерді су басу мүмкіндігін төмендету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Солтүстік Арал теңізінің бөлігінде бөгет салу, Ақлақ гидроқұрылысын салу, Шардара бөгеттерін қайта жаңарту, балық тоғандары үшін сораптарды және электр өткізу желілерін орнату.

Түпкілікті нәтиже: Сырдария өзенінің өтімділік қабілетін жақсарту. Арал теңізін 42 метр абсолюттік балтық жүйесіне дейін толтыру (жыл сайын, жоба аяқталғаннан кейін).

Қаржылық-экономикалық нәтиже: жүргізілген шығындардың құны 1 000 адамға шаққанда - 2 462 мың теңге.

Уақыттылығы жүргізілуі: құрылыс жұмыстарын 100% орындау.

Сапасы: жоба шеңберінде жүргізілген іс-шаралардың сапасына тұрғындардың 90% қанағаттандырылады.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

121-ҚОСЫМША

 

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитариясы»

деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 73906 мың теңге (жетпіс үш миллион тоғыз жүз алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мен Араб Экономикалық Дамуының Кувейт қоры арасындағы Арал қаласын (Арал теңізінің аймағы) сумен жабдықтау жобасы бойынша заем туралы келісімді бекіту туралы» 2001 жылғы 1 наурыздағы Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қызылорда облысы Арал ауданы тұрғындарын сапасына кепілдігі бар және қажетті мөлшердегі ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету және сумен жабдықтау қызметтерін жақсарту арқылы Арал ауданы тұрғындарының денсаулығын жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Арал ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен жабдықтау көлемін барынша ұлғайту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: құрылыс жұмыстары бойынша төлем.

Түпкілікті нәтиже: ауданды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін пайдалануды енгізу.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1000 адамға шаққанда бір ауыз сумен жабдықтау объектісін салу - 390 мың теңге тұрады.

Уақыттылығы: жұмыстар жоспар-график және келісім шарттарға сәйкес орындалады.

Сапасы: құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

122-ҚОСЫМША

 

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі