2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 101-144-қосымшалар) (үзінді) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Сумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау»

деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакция

1. Құны: 7276009 мың теңге (жеті миллиард екі жүз жетпіс алты миллион тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы қаржы ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салалық жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы Қазақстандағы Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшін Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 мамырдағы Заңы; «2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сумен жабдықтау және кәріз қызметтерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету арқылы таңдап алынған ауылдық елді мекендегі халықтың денсаулығы мен тұрмыс-жағдайларын жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қажетті көлемде  және сапасына кепілдік берілген ауыз сумен халықты қамтамасыз ету; ауылдық елді мекендер инфрақұрылымын жақсарту; сумен жабдықтау жүйелерін жобалау, қалпына келтіру, жаңарту, салу.

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыз сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту және салу.

Түпкі нәтиже: Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз сумен жабдықтау объектілерін пайдалануға енгізу.

Уақтылығы: жұмыс жоспары-кестесіне және жасалынған шарттарға сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

123-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2008 жылға арналған

«Гидротехникалық құрылысты реконструкциялау»

деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)

1. Құны: 1 064 587 мың теңге (бір миллиард алпыс төрт миллион бес жүз сексен жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығы; «Республика аумағында төтенше оқиғалардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 451 өкімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: гидротехникалық құрылыстарда техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаудың қаупін алдын алу, ирригациялық құрылыстарды пайдалану бойынша ауыл шаруашылығы су пайдаланудың және құрылымының тиімді жүйесін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту, ерекше апатты гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі кешенді іс-шараларды орындау.

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 1 объект бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау және 8 объект бойынша пайдалануға беру, құрылыс жұмыстарының көлемін орындау, 1 объект бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу.

Түпкілікті нәтиже: гидротехникалық құрылыстардың дұрыс қызмет көрсетуін қамтамасыз ету, арналарды тазалау және олардың өткізу қабілетін ұлғайту, объектілерде құрылыстың параметрлерін қалпына келтіру және төтенше жағдайдың туындау қаупін төмендету, жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу.

Уақыттылығы: бекітілген жұмыс жоспарына және жасалынған шарттарға сәйкес.

Сапасы: Қазақстан Республикасының қолданыстағы құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес.

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 124-қосымша алынып тасталды (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

125-ҚОСЫМША

 

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Су берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы объектілерін

пайдалану» деген 034 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

 

1. Құны: 1980141 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз сексен миллион бір жүз қырық бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 135-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шекаралас мемлекеттермен бірлесіп пайдаланатын объектілерін қоса алғанда су берумен байланысты емес су шаруашылығы объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су берумен байланысты емес, республикалық меншіктегі су қоймалары мен басқа да гидротехникалық құрылыстардың функцияларын қамтамасыз ету; трансшекаралық өзендерде орналасқан су шаруашылығы объектілерін бірлесіп пайдалану.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: республикалық меншіктегі 130 су шаруашылығы объектілері мен 10 мемлекетаралық объектілерінде пайдалану іс-шаралары жүргізіледі.

Түпкілікті нәтиже: 130 республикалық және 10 мемлекетаралық объектілердің техникалық жағдайы жақсарады және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы су қажетті көлемде уақытылы беріледі.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 республикалық су шаруашылығы объектісіне пайдалану іс-шараларын жүргізуге орта есеппен 6,4 миллион теңге және 1 мемлекетаралық объектіге орта есеппен 89,6 миллион теңге жұмсалады.

Уақыттылығы: республикалық меншіктегі су шаруашылығы объектілерінде және мемлекетаралық объектілерде пайдалану іс-шаралары бекітілген жұмыс пен қызмет көрсету жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына және су шаруашылығы объектілерін пайдалану Ережелеріне сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

126-ҚОСЫМША

 

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Ормандардың сақталуын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету»

деген 036 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 2963532 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз алпыс үш миллион бес жүз отыз екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 110-бабы; «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 43-бабы; «Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1271 қаулысы; «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы; «2008-2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 958 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқып тауыспай пайдалану, оларды күзету, қорғау және молықтыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: орман дақылдары тұқымдарының егістік сапасын, олардың энтомологиялық және фитопатологиялық залалдану деңгейін айқындау; орман шаруашылығы саласындағы студенттер үшін оқу практикаларын өткізу; орман дақылдары тұқымының тұрақты базасын қалыптастыру және мұрагерлік қасиеттері жақсартылған отырғызу материалын алу; орман орналастыру ұйымдастыру жұмыстарын және орман шаруашылығын жобалауды өткізу; ормандардың мемлекеттік есебін жүргізу; орман және аңшылық шаруашылықтары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми-әдістемелік талдамалармен қамтамасыз ету; Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру. Ормандарды авиациямен күзетуді қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тұқымның егістік қасиеттеріне сертификаттар, себуге әзірленген тұқымды өңдеу жөнінде ұсыныстар алынды; Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығының орман қорын орман өрттерінен және заңсыз ағаш кесуден сақтап қалынды, Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің саны 25-ке дейінгі студенттердің орман шаруашылығын жүргізу жөнінде өндірістік практикадан өтуі жүзеге асырылды.

Солтүстік өңір бойынша орман тұқымы базасын қалыптастыру: 650 гектар уақытша орман тұқымы учаскелері таңдап алынды (қарағай, қайың, жерсіндірме түрлер); 120 гектар тұрақты орман тұқымы учаскелерін іріктеліп алынды; 5,1 гектар тұрақты орман тұқымы плантациялары егілді (қарағай); 85 гектар артықшылығы бар екпелер іріктеп алынды (қарағай, қайың); 50 дана артықшылығы бар ағаштар іріктеп алынды (қарағай, қайың); 192 гектар тұрақты орман тұқымы базасының нысандары және 1294 гектар «Оңтүстік» орманшылығы қорғалады және қамтамасыз етіледі. Микроклонды отырғызу материалы өндірілді (қарағай, карел қайыңы, көгілдір шырша, пирамидалы терек, арша), 500 000 дана жақсартылған селекциялық сападағы көшет материалдары өсірілді;