оңтүстік аймақ бойынша орман тұқымы базасын қалыптастыру: 2,1 гектар орман тұқымы плантациясын қоршап Шренк шыршасы егілді; 27 гектар 2006 жылғы сексеуіл екпесінің орман тұқымы плантациясы толықтырылды; 245 000 дана жергілікті және жерсіндірме тұқымдардың перспективалық түрлері мен гибридтерінің отырғызу материалдарын өсірілді (Шренк шыршасы, жиде, терек); 2,1 гектар теректердің клонды архиві құрылды (Лавар); 7 гектар теректердің сынақ дақылдары құрылды (Лавар), 3 гектар жапырақты тұқымдардың питомнигі құрылды (Лавар), 149 гектар өндірістік объектілер, соның ішінде «Алматы орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жерінде орналасқан тұрақты орман тұқымы объектілері қорғалды және ұсталды; «Алматы орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Орман» учаскесі кеңсесіне ағымдық жөндеу жүргізілді.
2008 жылдың орман орналастыру шараларына дайындық жұмыстары жүргізілді - 407,4 мың гектар, Шығыс-Қазақстан облысы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде 2009 жылдың орман орналастыру шараларына дайындық жұмыстары - 199,7 мың гектар алқабында, топокарталар, шаруашылықаралық жерге орналастыру жоспарлары, аудандық және облыстық карталар сатып алынды, «Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны баланстарына берілген ғимаратты 2007 жылы басталған күрделі жөндеуді аяқтау, Қарағанды облысы бойынша негізгі ережелерді әзірлеу. Далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілді: Ақмола облысы мекемелерінде - 407,4 мың гектар, соның ішінде: Ақкөл, Барап, Үлкен Тоқты, Ерейментау, Кеңес, Краснобор, Отрадное, Степногор, Маралды, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, Көкшетау орман селекциялық орталығы, «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, темір жол және автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман желектері; тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша орман орналастыру жобаларының өндіріске енгізілуіне авторлық қадағалаулар мен тексерулер жүргізілді.
Орман мекемелерінде камералдық орман орналастыру жұмыстары атқарылды: Алматы облысында - 706,8 мың гектар, соның ішінде Алакөл - 168,1 мың гектар, Жаркент: тауларда - 58,9 мың гектар, шөлде - 156,5 мың гектар, Талдықорған: тауларда - 185,8 мың гектар, Үйгентау: тауларда - 137,5 мың гектар, Маңғыстау облысы 242,4 мың гектар, соның ішінде мемлекеттік мекемелер бойынша: Бейнеу шөлінде - 47,1 мың гектар, Сам шөлінде - 195,3 мың гектар.
Павлодар облысы бойынша жиынтық орман орналастыру жобасы жасалды. ЛУГИС Win PLP-V4 жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді игеру.
Жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді, соның ішінде: 2007 жылғы іздестіру бойынша камералдық жобалау жұмыстары: Жамбыл облысы Байзақ орман питомнигінің ұйымдық-шаруашылық жоспары мен суландыру жұмыс жоспары - 30 гектар, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман питомнигінің ұйымдық-шаруашылық жоспары мен суландыру жұмыс жобасы - 15 гектар; Қостанай облысы Затобол орман питомнигінің ұйымдық-шаруашылық жоспары мен суландыру жұмыс жобасы - 50 гектар. Орман питомниктерінің ұйымдық-жұмыс жоспары мен суландырудың жұмыс жобасының мемлекеттік сәулет-құрылыс сараптамасын қамтамасыз ету - 6 дана жұмыс жобасы, оның ішінде Жамбыл облысы Байзақ орман питомнигінің ұйымдық-шаруашылық жоспары мен суландыру жұмыс жобасы - 2 дана, Алматы облысындағы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман питомнигінің ұйымдық-шаруашылық жоспары мен суландыру жұмыс жобасы - 2 дана, Қостанай облысы Затобол орман питомнигінің ұйымдық-шаруашылық жоспары мен суландыру жұмыс жобасы - 2 дана. 1 784,5 гектар «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының өртеңдерінде ормандарды молықтырудың жұмыс жобаларына, 277,9 мың гектар «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының ормандарды өртке қарсы жабдықтаудың жұмыс жобасына авторлық қадағалау;
Жаңа далалық іздестіру жұмыстары: Қарағанды облысы Қарағанды орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 40 гектар, Алматы облысы Кеген мемлекеттік мекемесі Жалаңаш орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 54 гектар, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 199,7 гектар.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркін кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді, орман қорын кезеңдік есепке алу есептілігі (2003-2008 жж.). Қарқаралы, Шарын, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи парктері және «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты (2 филиал) аумағында туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарлары жасалды - 4 дана. Ертіс өңірінің жалды ормандарындағы қылқан жапырақты ағаштардың кеміргіш зиянкестерімен күрес жөнінде шаралар әзірлеу.
Биологиялық негіздемелер: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін спорттық және әуесқойлық балық аулауды өткізу үшін Марқакөл көлінің майқан балығы мен хариус балығын аулаудың жалпы жол берілетін мөлшеріне биологиялық негіздеме. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы көлдерінің Теңіз-Қорғалжын жүйесінде балық шаруашылығы мелиорациясын өткізудің биологиялық негіздемесін әзірлеу. Ұсыныс: фитосанитариялық тәуекелдің талдауын анықтап, ерекше қауіпті орман зиянкестерінің зияндылығының экономикалық деңгейін айқындау.
Жануарлар дүниесі нысандарын алудың биологиялық негіздемесін дайындау, Қызыл кітаптың 1 томы 1 бөлігі «Омыртқалылар» макетін дайындау, киіктер санын есепке алу, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан тұяқты жабайы жануарларды есепке алу мен мониторинг жүргізу.
Жер бөлу, жобаны табиғи жағдайға алып шығу - 8 000 гектар; 8,3 миллион дана отырғызу материалы өсірілді; 71,74 гектар орман тұқымы плантациялары құрылды; ағаш тұқымдарын аудандастыру өткізілді - 9 тұқым; отырғызар алдында топырақ өңделіп, ағаш тұқымдары отырғызылды - 5 000 гектар; екпелерді толықтыру - 5 100 гектар, 2,7 миллион дана отырғызу материалы сатып алынды; 7 700 гектар екпелерге күтім жасалды; 45 910 гектар орман екпелері қорғалды; 2009-2010 жылдары отырғызу үшін 15000 гектар жер дайындалды; 7700 гектар орман екпелеріне күтім және күтіп-баптау үшін кесу жасалды; жер пайдаланушылардың шығындары өтелді.
2007 жылғы іздестірулер бойынша камералдық жобалау жұмыстары жүргізілді: Астана қаласының қала шетіндегі аймағының шегінде қорғаныштық және ландшафтық-рекреациялық екпелер құрудың жұмыс жобасы - 15 000 гектар; Астана қаласының қала шетіндегі аймағында 2015 жылға дейінгі кезеңде 155,0 мың гектар алқапта орман екпелерін құрудың техника-экономикалық негіздемесі жасалды. Астана қаласының қала шетіндегі аймағы шегінде қорғаныштық екпелер құрудың жұмыс жобасын табиғи жағдайға алып шығу - 15 000 гектар. Астана қаласының қала шетіндегі аймағы шегінде қорғаныштық екпелер құрудың жұмыс жобаларының техника-экономикалық негіздемесі және мемлекеттік сәулет-құрылыс сараптамасын қамтамасыз ету. Астана қаласының қала шетіндегі аймағы шегінде орман екпелер құрудың жұмыс жобаларын авторлық қадағалау - 4 дана жұмыс жобасы; қала шетіндегі аймағы шегінде орман екпелерін құрудың жұмыс жобаларын авторлық қадағалау - 2 дана жұмыс жобасы; жаңа жобалау-іздестіру жұмыстары: Астана қаласының қала шетіндегі аймағының шегінде 16 000 гектар алқапта қорғаныштық және ландшафтық-рекреациялық екпелер құрудың жұмыс жобасы - Шығыс бағыты (Сарыоба орманшылығы - 6 000 гектар), Солтүстік-Шығыс бағыты (Ерейментау орманшылығы) - 1-кезек 10 000 гектар.
«Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының материалдық-техникалық базасы техникасымен, соның ішінде 6 бірлік трактормен (МТЗ-82) - 5 бірлік, (К-701) - 1 бірлік, 6 бірлік (БДТ-7) соқасымен, 12 бірлік (КПН-4) культиваторымен жарақтандырылды.
«Қазақ орманды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қорғау және аэрокөрілімдік, орман-патологиялық бақылау бойынша, сонымен қатар орман өрттерін сөндіру бойынша 6 180 ұшу сағаты жүргізілді. Ұшу құрамында үш адамды оқыту. Өрт сөндіру құралдары мен 6 бірлік УАЗ типті автокөлік сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: орман питомнигінде стандартты отырғызу материалы алынды, орман қорының сақталуы қамтамасыз етілді, ормандарды молықтыру және орман өсіру алқаптары кеңейтілді, орман орналастыру жобалары, жобалық іздестірулер мен техника-экономикалық негіздемелер алынды, орман өрттері қамтыған алқаптар азайды, орман қорының бір жану алқабы 1 гектарға дейін қысқарды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 гектар уақытша орман тұқымдары учаскелерін құру 619 теңгені құрайды, 1 артықшылығы бар ағаш іріктеу - 9 200 теңге тұрады, 1 га орман орналастыру жұмыстары 107,7 мың теңге, 1 га жобалық іздестіру 6 897 теңге, 1 га жасыл аймақ құру бойынша жобалық іздестіру 1 477 теңге, 1 га орман отырғызу 17 647 теңге, 1 га орманды авиациямен күзету және аэрокөрілімдік орман-патологиялық бақылау 145,6 теңге құрады, (1 ұшу сағаты: МИ-8 МТВ - 227 мың теңге, МИ-8Т - 192 мың теңге, АН-2, А-22 - 58 мың теңге, ЯК-18 - 53 мың теңге, МИ-2-61 - 94 мың теңге).
Уақтылығы: өртке қарсы және ормандарды қалпына келтіру іс-шараларын, орман өрттерін сөндіру, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық жарақтандыру, орман тұқымы плантацияларында тұқым жинау және перспективалы нысандағы отырғызу материалын өсіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды өртке қарсы жабдықтау жобаларын және республиканың мемлекеттік орман иелері бойынша орман орналастыру жобаларын әзірлеу, жобаларға сәйкес ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу, орман қорын күзету бойынша авиациялық жұмыстар туралы ережеге және ұшу жоспарына сәйкес авиациямен орман күзету жұмыстарын орындау.
Сапасы: келіп түскен бүкіл тұқым қорының тұқымын анализбен жүз пайыз қамту және оны сертификаттау, питомниктер мен орман дақылдарында отырғызу материалының шығымы нормативтеріне сәйкес тұқымның өсіп-өну пайызы, тұқым қуалаушылық сапасы жақсартылған отырғызу материалын алу, геоақпараттық жүйесін қолданып және бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіріп орман орналастыру жұмыстарының құнын төмендету, орман орналастыру жұмыстарының кезеңділігін нормативті мөлшерге дейін жеткізу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағын өртке қарсы жабдықтау үшін іздестіру жұмыстарын жүргізу, орман дақылдарының жерсінуін пайызын ұлғайту, бір өрттің орташа алқабының көп жылғы деректермен салыстырғанда артып кетуіне жол бермеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
127-ҚОСЫМША
212 ң Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Балық ресурстарын мемлекеттік есепке алу және оның кадастры»
деген 037 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 124043 мың теңге (бір жүз жиырма терт миллион қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 137, 142, 146, 150-баптары; «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 22, 47-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балық қорларын ұтымды пайдалану, балықтың құнды түрлерінің гендік қорын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: санының өсуіне мониторинг жүргізу, балықтың жай-күйін және кәсіпшілік балық табындары қорын бағалау; оларды тұрақты пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: