2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысына 101-144-қосымшалар) (үзінді) (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 3 685 611,8 гектар алқапта ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және ұтымды пайдалану, өртке қарсы минералдандырылған жолақ құру және күту алқабы 35 701 км, ормандарды молықтыру алқабы 5 033 гектар, соның ішінде жүргізілген орман дақылдарын себу және отырғызу жұмыстарының алқабы 4 623 гектар.

Мемлекеттік табиғи қаумалдар мен табиғат ескерткіштерін қорғау бойынша 63 мемлекеттік инспектор ұстау.

«Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватына өрт-химиялық бекетінің екі қабатты ғимараты және өрт-бақылау мұнарасы, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне және Алакөл мемлекеттік табиғи қорығына тұрғын ғимараттар сатып алынады.

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының «Визит-орталық» табиғат мұражайына күрделі жөндеу аяқталады, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғимаратына, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының кеңсесіне, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының өрт-химиялық бекеттеріне күрделі жөндеу жасалады. «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватына 61 бірлік лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету, Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 1 бірлік «1С-Бухгалтерия», 1 бірлік «Заң» бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынады.

7 бірлік УАЗ автомашинасы, 5 бірлік ВАЗ автомашинасы, 1 бірлік ГАЗ автомашинасы, 9 бірлік қаршана, 2 бірлік спутниктік байланыс, 2 бірлік СРS-навигатор, 1 бірлік бейнеекілік, 2 бірлік бейнекамералар, 2 бірлік көшірме аппараты, 2 бірлік принтер, 1 бірлік аспалы құрал айыры, 1 бірлік гидравликалық тырма, 1 бірлік роторлы шалғы, 1 бірлік соқа, 3 бірлік шынжыр табан трактор, 1 бірлік тельфер, 6 бірлік спутниктік навигатор, 16 бірлік компьютер жинағы, 1 бірлік портативті компьютер, 10 бірлік күннен қуат алатын батарея, 4 бірлік тіркеме, 5 бірлік мобильді радиобекет, 14 бірлік алып жүретін радиобекет, 6 бірлік стационарлы радиобекет, санды 3 бірлік фотоаппарат, 1 бірлік жүйелі блок, 1 бірлік ЖК-монитор, 3 бірлік генератор, 1 бірлік гидромеханикалық әмбебап манипулятор, 1 бірлік бензоара, 1 бірлік өрт сөндіру машинасы, 10 бірлік мотоцикл, 73 бас жылқы, 1 бірлік вагон-жатақхана, 3 бірлік түнде көру құралы, 2 бірлік қайық моторы, 2 бірлік моторлы қайық, 1 бірлік аспалы шалғы, 5 бірлік сейф, 5 бірлік кеңсе жиһазы, 3 бірлік миниэлектр бекеті, 1 бірлік аспалы құрал, 1 бірлік киіз үй, мұражайға экспонаттар 18 атау сатып алынады.

22 ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік инспекторлары жазғы және қысқы нысанды киіммен жарақтандырылатын болады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мамандары біліктілік деңгейін арттырады, питомниктердегі отырғызу материалы 44,2 миллион данаға көбейеді, 1 000 бас қасқыр атып алынады, жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері таралымдарының саны олардың табиғи өсімін молайту деңгейінде сақталады және киіктердің санын өсіру.

Түпкілікті нәтиже: табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы, жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің саны тұрақтанады, сондай-ақ олардың таралу аймақтары бойынша олардың таралымдарын сан өсімінің есептік деректерімен тіркелген орнықты даму деңгейіне дейін қалпына келтіріледі және киіктердің санын өсіру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 1 гектарына шаққанда қорғау, молықтыру және онда өртке қарсы іс-шаралар жүргізу шығындары 789,4 теңгені құрайды.

Уақтылығы: жұмыстар атқарудың, қызметтер көрсетудің және тауарлар сатып алудың бекітілген жоспарларына сәйкес өртке қарсы жұмыстар және ормандарды молықтыру жөнінде іс-шаралар жүргізу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын өткізу, материалдық-техникалық жарақтандыру және 22 ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадрларының біліктілігін арттыру, киіктерді, жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау және өсімін молайту үшін нормативтік құқықтық және ұйымдық-шаруашылық шараларын жүргізу.

Сапасы: орман өрттері алқаптарының қысқаруы, қазіргі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өздерінің табиғи жағдайында сақталуы, жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қазіргі бар деңгейде сақтау, киіктер санын 10 % көбейту.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

131-ҚОСЫМША

 

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Нұра-Есіл өзендері алабын қоршаған ортасын оңалту және басқару»

деген 041 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

1. Құны: 2695083 мың теңге (екі миллиард алты жүз тоқсан бес миллион үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы келісімді бекіту туралы» 2004 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өзен арнасы мен оған іргелес аудандарды сынаптан ластануды тазарту арқылы Нұра өзені бассейні аумағында тұратын халықтың өмір деңгейін көтеру, бұл жергілікті су пайдаланушылардың өскелең мұқтажын қанағаттандыру үшін сумен жабдықтаудың қауіпсіз, тиімді, аз шығынды баламалы көзіне әкеліп соғады, сондай-ақ су тасқынын басқару үшін және экологиялық мақсатта судың шығынын бақылауды жаңартуға әкеліп соғады.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоба аумағындағы судағы, ауадағы, топырақтағы сынаптың мөлшерін төмендету; Ынтымақ су қоймасын жоба көлемін реттеу мүмкіндігіне дейін (240 млн. м3) қайта жаңарту, (қазіргі уақытта жылдық орта есеппен алғандағы реттелмеген көлемі - 40 млн. м3);

Нұра өзеніндегі 17 гидрологиялық бекеттерді және Қарағанды облысының 4 зертханасын техникалық қайта жабдықтау.

ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тәуелсіз сарапшылардың есептері; жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарының жоспарланған көлемін орындау; құрылыс жұмыстарына қадағалау жүргізу бойынша есептер.

Түпкілікті нәтиже: Ынтымақ су қоймасы мәселелері жөніндегі тәуелсіз сарапшылардың шешімі; сынап қалдықтарын көму үшін полигонды салу, Ынтымақ су қоймасын қайта жаңартуды бастау.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: сынап қалдықтарының 1 текше метрін көму құны - 2500 теңге.

Уақыттылығы жүргізілуі: қызметтер мен жұмысты ұсыну бастапқы кестеге сәйкес.

Сапасы: ауадағы, судағы, топырақтағы сынап мөлшерін шектеулі мүмкіндік концентрация деңгейіне дейін төмендету (2,1 мг/кг).

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1224 қаулысына

132-ҚОСЫМША

 

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2008 жылға арналған

«Агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»

деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 2704683 мың теңге (екі миллиард жеті жүз төрт миллион алты жүз сексен үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі  «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарды және агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11 және 17-баптары; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялы дамуының стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 жарлығының 7.3.1.-бабы; «Республикалық бюджетінің қаражаты арқылы орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасын қалыптастыру және іске асыру кейбір сұрақтары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасын ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654»«2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына арналған концепциясын іске асыру шараларының жоспары туралы» қаулысы;»«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының кейбір сұрақтары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қаңтардағы № 1150 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының  агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы; »Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсіп кешені салаларын тұрақты дамыту; ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру, халықаралық талаптарға сәйкес бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін өндіру; агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын талдау және дамуының перспективалық бағыттарын анықтау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің гендік ресурстарын қапыптастыру, зерттеу және сақтау; ауыл шаруашылық, жеміс-жидек, орман құрастыратын және басқа дақылдардың сорттары мен гибридтерін, ауыл шаруашылық жануарлар, құстар, бал ара, балық және микроорганизмдердің тұқымдары, типтері, кросстары мен аталық іздерін шығару; ауыл шаруашылық дақылдардың сорттары мен гибридтерінің түпнұсқалық тұқым шаруашылығын ұйымдастыру; бүгінгі күннің генетикалық, биотехнологиялық әдістерін жетілдіру және оларды селекция мен биологиялық және ветеринариялық препараттарды шығаруда қолдану; дақылдарды өсіру, жасанды орман құру және орман көбейту, экологиялық қауіпсіз және экономикалық жәнділік, ресурс сақтайтын, барынша бейімделген технологияларды және су ресурстарын басқару әдістерін жетілдіру және шығару; мал шаруашылығы экологиялық таза өнімдерін өндіру технологияларын жетілдіру және енгізу; ауыл шаруашылық жануарларының өнімді-асылтұқымды сапасын көтеру; жоғары иммуногендік вакциналарды және жануарлар, құс және балықтардың инфекциялық және паразитарлық ауруларына қарсы препараттарды шығару; таза экологиялық ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтау үшін бәсекеге қабілетті сақтау технологияларды, техникаларды және машиналарды жасау; агро азық-түлік кешенінің тиімді функцияланатын экономикалық механизмі және ауылдық аумақтардың дамуы.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: өсімдіктің гендік қоры коллекциясы экспедициялық жинауда және ғылыми алмасуда - 2 мыңнан астам үлгімен толықтырылды, өсімдік үлгілерінің 50 мыңға жуығы биологиялық-шаруашылық белгілері бойынша бағаланды. Құрылды: Өсімдіктің гендік қоры бойынша ұлттық деректер қоры және ақпараттық желі; жаздық бидайдың in vitro будандық комбинациясының гендік банк моделі; жеміс-жидек дақылдарының сорттары мен будандарының гермоплазм хладобанкі; жеміс-жидек және басқа да дақылдардың 40-қа жуық мол өнімді жаңа сорттары мен будандары жасалып, Мемлекеттік сорт сынағына тапсырылды;

астық дақылдарының тұқым шаруашылығы сызбасы жетілдірілді; картоптың отандық селекциясының 5 сорты сауықтырылды және пробиркалық өсімдіктердің 20-25 мың данасы көбейтілді; алынды: 20 мыңға дейін картоптың меристемдік түйнегі, сүйекті жемістердің, таңқұрайдың және қарақаттың 4 мыңға дейін екпе ағашы; 50 мыңға дейін қойбүлдірген мұртшалары; 10 мыңға дейін қылқан жапырақты тұқым сеппесі;

әзірленді: жеміс дақылдарының (алма, алмұрт, өрік, шие) in vitro генотиптерінің биотехнологиясын жүргізу; алманың оқшауланған бүршігін криоконсервациялау регламенті және асбұршақ биотехнологиясы; сары тат қоздырғышына бидайдың төзімділігін саралау әдісі; дән өнімін биофортификациялау үшін дәннің Ғе және Zn құрамы бойынша бидайдың гендік қорын бағалау;

әзірленгені: топырақ құнарлығын қалпына келтірудің ғылыми және практикалық негіздері; топырақ құнарлылығын арттыруды және экологиялық таза өнімдерді алуды қамтамасыз ететін, егіншілік биологиялық жүйесінде түсімді көбірек алудың технологиялық моделі және агрокешен алгоритмі, Солтүстік Қазақстанның 3 аймағы үшін қазіргі ақпараттық технологияны пайдалана отырып дәнді дақылдар өсіру технологиясында ылғал үнемдейтін экономикалық тиімді, әрі экологиялық қауіпсіз 5 жаңа модель; азықтық дақылдарды ғылыми-өндірістік негізде іріктеу және өндіру (егіншілік саласында 10-нан астам технология);

әзірленгені: агрофитоценоздардың фитосанитарлық тұрақтылығын арттырудың теориялық негіздері және практикалық тәсілдері, зиянкестерден, аурулардан, арамшөптерден қорғау бойынша дәнді, дәнді-бұршақты, майлы және басқа да дақылдардан қорғаудың біріктірілген технологиясы, республиканың әртүрлі аймағында олардың биологиялық, шаруашылық және экономикалық тиімділігі анықталған; дәнді дақылдар үшін өсімдіктердің альтернариоз, фузариоз, гельминтоспориоз қоздырғыштары негізінде биопестицид өндіру технологиясы;

әзірленгені: негізгі өзен алаптарының су ресурстарын игерудің және пайдаланудың ғылыми негіздері; ауыл шаруашылығы дақылдарын суарудың ресурс үнемдеу технологиясы; мал шаруашылығында фермерлік қожалықты дамыту үшін шұраттық суару жүйесі; ағын болжамының бағдарламасын қамтамасыз ету, су шаруашылығы балансын құру, техникалық құжаттамалар мен тәжірибе үлгілерін әзірлеу үшін су тұтынуды жоспарлау және реттеу; гидротехникалық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эксперименттік жүйе; тозған жайылымды қалпына келтіру жүйесі; ресурс үнемдеуді және топырақ құнарлылығын сақтауды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын төмен суарудың технологиялық және техникалық амалдары; орман шаруашылығын жүргізу жүйесі, сонымен қоса: орманның генетикалық резерваттарын сақтау және қалпына келтіру, ағашы кесіліп кеткен жерді, өртенген жерді жетілдіру және перспективалық интродуценттерді қолдана отырып орман өсіру; әртүрлі мақсатқа арналған қорғаныш орман экожүйесінің қуаңшылық өңірдегі әлеуметтік мәнін құру технологиясы;