«Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 Қаулысы (2013.23.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

62. ЖААЖ-ға жол қозғалысы қауіпсіздігіне, экологиялық қауіпсіздікке әсер ететін, сондай-ақ автокөлік құралдарын белгілі бір жағдайда пайдалану кезінде едәуір жиі туындайтын істен шығулар мен ақаулықтарды болдырмауға бағытталған жұмыстар жатады.

 

 

4.2. Автокөлік құралдарын күрделі жөндеу

 

63. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын, олардың агрегаттары мен тораптарын КЖ автокөлік кәсіпорындарының күшімен және құралдарымен ТҚ посттарында, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы мақсатталған және жабдықталған өндірістік үй-жайларда (агрегаттық, дәнекерлеу, мыстау, қаптау, бояу, ұста, вулкандандыру цехтарында, отын аппаратурасы мен электр жабдығын жөндеу цехтарында) не техникалық қызмет көрсету станцияларында орындалады.

64. КЖ автокөлік құралдарының агрегаттары мен тораптарының техникалық жай-күйі параметрлерін, олардың жүрісін келесі күрделі жөндеуге дейін қамтамасыз ету не жаңа автокөлік құралдарына арналған жүріс нормаларының кемінде 80%-ын есептен шығару үшін қалпына келтіруді көздейді.

65. Автокөлік құралдарын, агрегаттар мен тораптарды КЖ қажеттілік бойынша диагностикалау нәтижелеріне және (немесе) жасаушы кәсіпорын белгілеген жөндеуаралық жүріс нормаларына сәйкес орындалады.

66. КЖ-ге автобустар мен жеңіл автомобильдерге арналған шанақты, жүк автомобильдеріне арналған раманы ауыстырумен немесе 56-тармақта көрсетілген кемінде үш негізгі агрегатты кез келген үйлесімде бір мезгілде ауыстырумен байланысты қосымша жұмыстар жатады.

 

 

5-тарау. Сұйытылған мұнаймен және сығылған табиғи

газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарына техникалық

қызмет көрсету мен жөндеу ерекшеліктері

 

67. Сұйытылған мұнаймен және сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарына (бұдан әрі - газбаллонды автокөлік құралдары) техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу кезінде газ аппаратурасы үшін газбен және бензинмен қоректендіру жүйелерінің ТҚ және АЖ қосарласа орындалатын технологиялық процесі де, ТҚ және АЖ дербес орындалатын технологиялық процесі де ұйымдастырылуы мүмкін. Жұмыстар мамандандырылған учаскеде жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші жағдайда, мамандандырылған учаскеге екі дербес пост кіреді, оларда жұмыс бензинмен (дизельдік) және газбен қоректендіру жүйелері үшін бөлек орындалады. Екінші жағдайда, газбен қоректендіру жүйесіне ТҚ және АЖ бойынша жүргізілетін жұмыстар мамандандырылған учаскеде орындалады, ал бензинмен (дизельдік) қоректендіру жүйесіне жалпы посттар мен желілерде орындалады.

68. Газбаллонды автокөлік құралдарына ТҚ және АЖ ұйымдастыру кезінде ашық алаңшада орналасқан газ аппаратурасының герметиктігін тексеру посттары көзделеді. Газбаллонды автокөлік құралдарының ТҚ, АЖ посттарына, сондай-ақ сақтауға қоюға тек газ аппаратурасының жарамдылығына тексеру жүргізілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Бұл ретте газ қоректендіру жүйесінен шығарылуы тиіс және қозғалтқыштың ТҚ мен ТЖ және сақтау аймағындағы әрі қарайғы жұмысы бензинмен (дизельдік) қоректендіру жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

69. Газбаллонды автокөлік құралдарына ТҚ және АЖ жұмыстары аяқталғаннан кейін газ аппаратурасының герметиктігін тексеру жүргізіледі. Жоғарғы қысымды газ құбырларының барлық қосылыстары, газ баллондарының мойындары, шығыс және магистральдық вентильдері (жабық және толығымен ашық күйде) герметиктігі тексеруден өткізіледі.

70. Газбаллонды автокөлік құралдарын сақтау тұрақ ауданының әрбір 200 шаршы метріне бір пост деген есеппен, өрт сигналын беру және өртке қарсы посттармен жабдықталған ашық алаңшаларда жүзеге асырылады. Газбаллонды автокөлік құралдарын сақтауға арналған алаңшаларды, құрылымы оларда орнатылған газ баллондарының қызып кету мүмкіндігін болдырмайтын қыздыру жүйесімен жабдықтауға рұқсат етіледі.

 

 

Автокөлік құралдарын

техникалық пайдалану

ережесіне

1-қосымша

 

Автокөлік құралдарын рейс алдында (ауысым алдында)

техникалық тексеру және КҚ операцияларының тізбесі

 

 

Автокөлік құралдарын

техникалық пайдалану

ережесіне

2-қосымша

 

Автокөлік құралдарына ТҚк бойынша міндетті

жұмыстардың тізбесі

 

 

Ескертпе:

Тиісті бағандағы ( + ) белгісі операцияның қызмет көрсетудің осы түріне тиісті екенін көрсетеді.

 

Автокөлік құралдарын

техникалық пайдалану

ережесіне

3-қосымша

 

Жүріс аралығы бойынша автокөлік құралдарының

ТҚ-1 және ТҚ-2 кезеңділігі (мың км)

 

 

Ескертпе: Егер ТҚк кезеңділігінің жасаушы кәсіпорын ұсынған кезеңділіктен айырмашылығы болса, жасаушы кәсіпорынның құжаттамасын басшылыққа алу қажет.

 

Автокөлік құралдарын

техникалық пайдалану

ережесіне

4-қосымша

 

Автокөлік құралдарын пайдалану шарттарының жіктемесі

 

 

Жол төсемдері:

Ж1 - цементбетон, асфальтбетон, кеспе тас;

Ж2 - битумминералды қоспалар (шағыл тас немесе битуммен өңделген қиыршық тас);

Ж3 - өңделмеген шағыл тас (қиыршық тас);

Ж4 - тұтқырғыш материалдармен өңделген жұмыр тас, шағылған тас,

топырақ және беріктігі аз тас (қыстық);

Ж5 - жергілікті материалдармен күшейтілген немесе жақсартылған топырақ; жатық және бөрене төсемдер;

Ж6 - табиғи топырақ жолдар; уақытша карьерішілік және үйінді жолдар; қатты төсемі жоқ кірме жолдар.

Жел рельефінің үлгісі (теңіз деңгейі үстінің биіктігі мен белгіленеді):

Р1 - жазық (200 м дейін);

Р2 - аз төбешікті (200 артық 300 м дейін);

Р3 - төбешікті (300 артық 1000 м дейін);

Р4 - таушықты (1000 артық 2000 м дейін);

Р5 - таулы (2000 м артық).