7А101 Барлық төменде келтірілген сипаттамалары бар және олардың құрамдауыштары үшін арнайы белгіленген «реактивті снарядтарда» пайдаланатын инерциялы навигациялық жүйелерде немесе барлық үлгілерді бағыттау жүйелерінде пайдалану үшін әзірленген 7А001-тармағында жазылғаннан басқа желілік жеделдету датчиктері:
а. «қайталанушылық» «ығысу» 1250 микро g аз (жақсы); және
b. «масштабты коэффициенттің» «қайталанушылығы» бір миллионға шаққанда 1250 үлестен аз (жақсы);
Ескертпе: 7А101-тармақ төменгі ұңғымаларды пайдалану уақытында қолдануға арналған бұрғылау уақытында өлшемдерді өткізетін датчиктер ретінде арнайы құрастырылған және құрылған акселерометрлерді бақыламайды.
Техникалық ескертпелер.
1. 7А101-тармақта «реактивті снаряд» 300 км қашықтықтағы зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.
2. 7А101-тармақта «ығысу» және «масштабты коэффициент» шамалары тіркелген калибрленген шамаға қатысты бір жыл ішіндегі кезең аралығында стандартты ауытқушылыққа (бір сигмаға) сәйкес келеді.
7A101 a. 9014 80 000 0
7A101 b. 8803 90 900 0
9032 89 000
(азаматтық авиациядан басқа)
9306 90
7А102 Гироскоптардың барлық түрлері, 7А002-тармақта қаралғаннан басқа «реактивті снарядтарда» пайдалануы мүмкін және 1 g ықпалы жағдайында өлшенген сағатына 0,5 - тен аз (1 сигма немесе ОКА) «дрейф жылдамдығы» «тұрақтылығы» бар және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.
Техникалық ескертпелер.
1. 7А102-тармақта «реактивті снаряд» 300 км қашықтықтағы зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.
2. 7А102-тармақта «тұрақтылық» белгілі бір механизмнің қабілеттілік шарасы немесе тұрақты жұмыс жағдайларының (IEEE STD 528-2001, п. 2.247) ұзақ уақыт әсер етуі кезінде өзгеріссіз қалатын өнімділік коэффициенті ретінде белгіленеді.
7A102 9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа)
8803 90 900 0
9306 90
7А103 7А003-тармақта қаралатыннан басқа аппаратура, навигациялық жабдық және жүйелер, төменде келтірілген және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.
а. Серпінді немесе мынадай жабдықтарды қамтитын акселерометлерді немесе гироскоптарды және жүйелерді пайдаланатын басқа да жабдық:
1. 7A001.a.3., 7A001.b. немесе 7A101-тармақтарында сипатталған өлшегіштері немесе 7A002 немесе 7A102-тармақтарында сипатталған гироскоптар; немесе
2. 7А001.а.1 немесе 7А001.а.2 тармақтарында сипатталған және мынадай төмендегі сипаттамалары бар акселерометрлер:
а. «Инерциялылық навигациялық жүйелерде немесе барлық үлгілердің жүргізу жүйелерінде пайдалану үшін әзірленген және «реактивті снарядтарда» пайдаланылатын»;
b. «ығысудың» «қайталанушылығы» 1250 микро g кем (жақсы); және
с. «масштабты коэффициенттің» «қайталанушылығы» миллионнан 1250 үлеске кем (жақсы);
Ескертпе:
7А103.а-тармағы бойынша осындай акселерометрлер ұңғымаларды пайдалану уақытында қолдану үшін тағайындалған бұрғылау уақытында өлшемдерді өткізу үшін датчик ретінде арнайы әзірленген және құрастырылған болып қаралғанда 7А001-тармақ бойынша бақыланатын акселерометрлерді қамтитын жабдық бақыланбайды.
b. «Реактивті снарядтарда» қолдану үшін әзірленген және модификацияланған гиротұрақтандыру қондырғысын немесе автопилот жүйесін қоса алғандағы пилотажды аспаптардың кешенді жүйесі;
с. «Реактивті снарядтарда» қолдану үшін әзірленген немесе модификацияланған және тең ықтималдық шеңбердің 200 м немесе одан кем навигациялық дәлдігін қамтамасыз етуге қабілетті «навигацияның кешенді жүйесі»;
Техникалық ескертпе:
«Навигацияның кешенді жүйесі» әдетте мынадай құрамдауыштардан тұрады:
1. Инерциялық өлшеу қондырғысы (мысалы, бағдардың тірек немесе бас жүйесі, инерциялық модуль немесе инерциялық навигациялық жүйе);
2. Ұшу уақытында ереже және/немесе жылдамдық туралы деректерді, не кезең-кезеңімен, не ұшу уақытында үздіксіз (мысалы, спутниктік навигациялық қабылдағыш, радарлық биіктік өлшегіш және/немесе доплер радары) жаңарту үшін қолданылатын бірден бір сыртқы датчик; және
3. Ықпалдасқан аппараттық құралдар және бағдарламалық қамтамасыз ету.
d. Ұшуды басқару және навигация жүйелерімен біріктіру үшін әзірленген және модификацияланған, мынадай сипаттамалары бар үш осьті магнитті курстық датчиктер және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар:
1. Тангаждың (± 90 градус) және креннің (± 180 градус) осьтеріндегі ішкі иілу компенсациясы;
2. Жергілікті магниттік өрісті ескере отырып ені ± 80 градус болғанда ОКА 0,5 градусынан жақсы (кем) азимут бойынша дәлдікті қамтамасыз ету қабілеті.
Ескертпе:
7А103.d тармағында көрсетілген ұшуды басқару жүйелері және навигациялық жүйелерге гиротұрақтандырғыштар, автоматтандырылған пилотаж жүйелері мен инерциялық навигациялық жүйелер кіреді.
Техникалық ескертпе:
7А103 тармағында «реактивті снаряд» зымыран жүйелерін және қашықтығы 300 шақырымнан асатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын білдіреді.
7A103 a. 9014 20 800 (азаматтық авиациядан басқа)
8803 90 900 0
9014 80 000 0
9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа)
9306 90
7A103 b. 9014 20 800 0 (азаматтық авиациядан басқа)
7A103 c. 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа)
9014 20 800 (азаматтық авиациядан басқа)
9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа)
9306 90
7А104 Аспан денелерін немесе спутниктерді автоматты түрде бақылау арқылы орналасқан жерін немесе бағдарын айқындауды қамтамасыз ететін 7А004-тармақ бойынша бақыланатындардан басқа гироастрокомпастар мен басқа да қондырғылар және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.
7A104 9014 80 000 0
7А105 Мынадай сипаттамалардың біріне ие және ол үшін арнайы әзірленген мынадай құрамдауыштар сияқты ғаламдық навигациялық спутниктік жүйенің қабылдау аппаратурасы (ҒНЖЖ, мысалы GPS, ГЛОНАСС немесе Галилео):
а. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыш аппараттарында, 9А012-тармақ бойынша бақыланатын пилотсыз ұшу аппараттарында немесе 9А104-тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондтарда қолдану үшін әзірленген және модификацияланған; немесе
b. Әуеде қолдану үшін әзірленген және модификацияланған мынадай сипаттамалардың кез келгені бар:
1. 600 м/с жоғары жылдамдық кезінде навигациялық ақпаратты қабылдауды қамтамасыз ететін;
2. ҒНЖЖ-мен қорғалған сигналдарға/деректерге рұқсат алу үшін, әскери және үкіметтік мақсат үшін әзірленген немесе модификацияланған шифрлауды қолданылатын; немесе
3. Қоршаған ортада активті немесе пассивті радиоөшіргіштің қызмет етуіне кедергіге қарсы (мысалы, реттелмейтін антенна немесе электроникамен реттелетін антенна) ерекшеліктерді қолдану үшін арнайы әзірленген.
Ескертпе:
7A105.b.2 және 7A105.b.3-тармақтары бойынша коммерциялық, азаматтық немесе «қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған» (мысалы, деректер тұтастығы, ұшу қауіпсіздігі) ҒНЖЖ үшін әзірленген жабдықтар бақыланбайды.
7A105 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа)
9014 20 800 (азаматтық авиациядан басқа)
7А106 7А006 тармағында айқындалғаннан басқа, радарлық немесе лазерлік радарлық үлгідегі бақыланатыннан басқа, 9А004 тармағы бойынша бақыланатын космостық аппараттарда, немесе 9А104 тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшін әзірленген немесе модификацияланған альтиметрлер.
7А115 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда, немесе 9А104 тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшін әзірленген немесе модификацияланған, белгілі бір электромагниттік көздерді (орналасқан жерін айқындайтын жабдық) немесе жердің сипаттамасын торуылға алуға арналған пассивтік бергіштер.
Ескерту: 7А115 мынадай жабдықтарға арналған бергіштерді қамтиды:
a. Контурлық картаға түсіру жабдығы;
b. Бейнелер жабдығы (белсенді де, пассивті де);
с. Пассивті интерферометрлер.
7А116 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда немесе 9А104 тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған ұшуды басқару жүйелері және сервоклапандар, олар мынадай:
a. Ұшуды басқарудың гидравликалық, механикалық, электроптикалық немесе электрмеханикалық жүйелері (ұшуды басқарудың электрлі жүйесін қоса алғанда);
b. Кеңістіктегі жағдайды басқару жүйесі;
c. 7A116.a немесе 7A116.b көрсетілген жүйелер үшін әзірленген және модификацияланған және 20 Гц мен 2 кГц арасындағы диапазонда 10 g орта квадраттан артық діріл жағдайында жұмыс істеу үшін әзірленген және модификацияланған ұшуды басқару сервоқозғалтқыштың қақпақтары.
7А117 «Реактивті снарядтарда» қолданылатын және жүйелердің диапазонына қарағанда жүйенің 3,33 % немесе одан кем дәлдігіне қол жеткізуге қабілетті «жүргізу жүйелері» (мысалы, «СЕР» 10 шақырым немесе 300 шақырым диапазонда аз).
7A117 8586 92 000 9
9014 20 800
9306 90
7В Сынақты бақылау және өндірістік жабдық
7А тармағына сәйкес бақыланатын жабдық үшін арнайы әзірленген калибровкалау мен реттеуге, сынақтар жүргізуге арналған жабдық.
Ескерту: Техникалық қызмет көрсетулерге сынақтар жүргізуге, калибровкалау мен реттеуге арналған жабдық бірінші және екінші деңгейлер бойынша 7В001 тармағы бойынша бақыланбайды.
Техникалық ескертулер:
1. Бірінші деңгей бойынша техникалық қызмет көрсету
Ұшу аппаратындағы инерциялық навигациялық құрылғының ақауы бақылау құрылғысының немесе орталық дисплейдің көрсетуі бойынша немесе тиісті кіші жүйелерден түсетін сигнализация бойынша табылады. Дайындаушының нұсқаулығына сәйкес ақау ауыспалы блок деңгейінде жойылуы мүмкін. Оператор ақаулы блокты алып тастайды да оның орнына жаңасын қояды.
2. Екінші деңгей бойынша техникалық қызмет көрсету
Ақаулы құрылғы өндірістік цехқа (жасаушы фирманың немесе екінші деңгей бойынша техникалық қызмет көрсетуге жауапты операторлардың цехына) жөндеуге жіберіледі. Өндірістік цехта, ақаулы құрылғы цехта айырбастауға жататын құрылғының ақаулы модулін тексеру және ақауын жою үшін әртүрлі тиісті құралдармен тексеріледі. Құрылғының бұл ақаулы модулі алып тасталынады және жаңасымен ауыстырылады. құрылғының ақаулы модулі (немесе, құрылғы тұтастай) кейіннен жасаушыға қайтарылады.
Айрықша ескерту: Екінші деңгей бойынша техникалық қызмет көрсетуге бақылауына кіретін зауыт жағдайында ауыстырылуға жататын құрылғы модулінің акселерометрлері мен гироскоптикалық бергіштерін алып-түсіру кірмейді.
7В002 Шеңберлі «лазерлік» гироскоптар айналарының сипаттамаларын бағалау үшін арнайы әзірленген жабдық, олар мынадай:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 7В102-ні қараңыз
а. 10 миллиондық үлес немесе одан аз (жақсы) өлшеу дәлдігі бар рефлектометрлер;
b. 0,5 нм (5 ангстрмн) немесе одан аз (жақсы) өлшеу дәлдігі бар профилометрлер.
7В003 7А тармағы бойынша бақыланатын жабдықты «өндіру» үшін арнайы әзірленген жабдық:
Ескерту: 7В003 тармағына енетіндер:
а. гироскоптарды реттеуге арналған сынақ қондырғылары;
b. гироскоптарды динамикалық теңдестіруге арналған қондырғылар;
с. Гиромоторды сынауға арналған қондырғылар;
d. Гироскоптың жұмыс заттарын толтыруға және құйып алуға арналған қондырғылар;
е. Гироподшипниктерге арналған центрифугтер;
f. Акселерометрдің осін калибрлеуге арналған қондырғылар.
7B102 50 миллиондық үлес немесе одан аз (жақсы) өлшеу дәлдігі бар гироскоптардың лазерлік айналарының сипаттамаларын бағалау үшін арнайы әзірленген рефлектометрлер.
7B103 Мынадай «өндірістік қуаттар» мен «өндірістік жабдықтар»:
а. 7A117-тармақта сипатталған жабдықтар үшін арнайы әзірленген «Өндірістік қуаттар»;
b. «Өндірістік жабдық» және басқа да сынау, калибрлеу жабдығы, сонымен қатар 7А. сипатталған жабдықпен бірге қолдану үшін жобаланған және модификацияланған 7В001-7В003-тармақтарда көрсетілгеннен ерекшеленетін ысылуын тексеруге арналған жабдық.
7С Материалдар
Жоқ
7D Бағдарламалық қамтамасыз ету
7D001 7А немесе 7В тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін арнайы құрылған немесе үлгіленген «бағдарламалық қамтамасыз ету».
7D001
7D002 7А003 немесе 7А004 тармақтары бойынша бақыланбайтын инерциялық жабдықты қоса алғанда, кез келген инерциялық навигациялық жабдықта немесе жағдай мен бағдарды бақылау жүйелерінде (ЖББЖ) «пайдалануға» арналған «бағдарламалар мәтіні».
Ескерту: 7D002 тармағы бойынша ЖББЖ платформалық кардандық «пайдалануға» арналған «бағдарламалар мәтіндері» бақыланбайды.
Техникалық ескерту:
Ауада ұшу аппаратының ЖББЖ, әдетте, инерциялық навигациялық жүйелерден (ИНЖ) ЖББЖ ауадағы жағдай туралы және бағыты (бағдары) туралы ақпарат беруімен және әдетте ИНЖ түсіретін жылдамдық, шапшаңдық және координаты туралы ақпарат бермейтінімен ерекшеленеді.
7D002
7D003 Басқа «бағдарламалық қамтамасыз ету», олар мынадай:
а. Жүйелердің навигациялық қателерінің қолданылып жүрген сипаттамаларын жақсарту немесе 7А003 және 7А004 тармақтарда көрсетілген деңгейге дейін азайту үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
b. Инерциялық мәліметтерді төменде санамаланған навигациялық мәліметтердің ішіндегі кез келгенімен тұрақты бірлестіріп отыру арқылы жүйелердің навигациялық қателерінің қолданылып жүрген сипаттамаларын жақсартатын немесе 7А003 және 7А004 тармақтарда көрсетілген деңгейге дейін азайтатын гибридті интеграцияланған жүйелерге арналған «бағдарламалар мәтіні»:
1. Доплер әсері бойынша радар айқындайтын жылдамдықпен;
2. Басты навигациялық спутниктік жүйелердің бақылау деректерімен (GPS немесе ГЛОНАСС); немесе
3. «Эталондық деректер базалары негізіндегі навигациялық жүйелерден» деректер («DBRN»);
с. Өлшеу бергіштерінің деректерін біріктіретін және «сараптау жүйелерін» пайдаланатын интеграцияланған авиациялық немесе ракеталық жүйелерге арналған «бағдарламалар мәтіні»;
d. Келесі жабдықты «әзірлеуге» арналған «бағдарламалар мәтіні»:
1. «Ұшуды жалпы басқаруға» арналған ұшуды басқарудың сандық жүйесі;
2. Ұшуды және қозғыштарды басқарудың интеграцияланған жүйелері;
3. Сымдар бойынша және жарық беру белгісі бойынша басқару жүйелері;
4. Ұшуды басқарудың істен шығуда берік және өздігінен қалыпқа келетін белсенді жүйелері;
5. Бағдарды басқаратын борттық автоматтық жабдықтар;
6. Үстірт кедергілер туралы мәліметтерге негізделген әуе-ақпарат жүйелері; немесе
7. Растровтық үлгідегі бастиекті проекциялық дисплейлер немесе үш өлшемді дисплейлер;
е. Технологиялары 7Е004.b, 7Е004.c.1, немесе 7Е004.c.2 тармақтары бойынша бақыланатын «ұшуды басқарудың белсенді жүйелерін», тікұшақты сымдар бойынша немесе жарық беру белгісі немесе тікұшақтың «бағытты бақылау немесе бақыланатын циркуляциялардың кері айналуы жүйелері» бойынша басқарудың көп координатты жүйелерін «әзірлеу» үшін арнайы әзірленген автоматты жобалау жүйелерін «бағдарламалық қамтамасыз ету»
7В103
7D101 7А001-ден 7А006-ға дейінгіні қоса алған, 7А101-ден 7А106-дейінгіні қоса алған, 7А115, 7А116.а., 7А116.b., 7В001, 7В002, 7В003, 7В102 немесе 7В103 тармақтарда сипатталған жабдықтарда «пайдалану» үшін арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтамасыз ету».
7D101
7D102 Мыналар сияқты интегралдық «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
a. 7A103.b тармағында сипатталған жабдықтар үшін интегралдық «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
b. 7A003 немесе 7А103.а тармақтарында сипатталған жабдықтар үшін әзірленген интегралдық «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
c. 7А103.с тармағында сипатталған жабдықтар үшін әзірленген және модификацияланған интегралдық «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
Ескертпе:
Әдетте интегралдық «бағдарламалық қамтамасыз етуде» Калман сүзгісінің негізіндегі алгоритмдер қолданылады.
7D102
7D103 7A117-тармақта сипатталған «командаларды пысықтау аспаптарын» модельдеу немесе имитациялау үшін 9A004-тармақ бойынша бақыланатын тасымалдағыш зымырандарға немесе 9A104-тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондтарға интеграциялау үшін арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтамасыз ету».
Ескертпе:
7D103-тармақта сипатталған «бағдарламалық қамтамасыз ету» ол 4А102-тармақта сипатталған арнайы әзірленген жабдықпен біріккен жағдайда да бақыланады.
7D 8523
7Е Технология
7Е001 Жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес 7А, 7В немесе 7D тармақтары бойынша бақыланатын жабдық немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеуге» арналған «технологиялар».
7Е001
7Е002 Жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес 7А немесе 7D тармақтары бойынша бақыланатын жабдықты» өндіруге» арналған «технологиялар».
7Е002
7Е003 Жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес 7А001-ден 7А004-ті қоса алғанға дейінгі тармақтар бойынша бақыланатын жабдықты жөндеуге, күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге арналған «технологиялар».
Ескерту: 7Е003 тармағы бойынша бірінші және екінші деңгейлер бойынша техникалық қызмет көрсету сипаттамасында азаматтық ұшақтарға арналған тез ауыстырылатын блоктарды (ТЭЗ) немесе КДЗДРМ-дарды калибрлеумен, бөлшектеумен немесе ақаулы немесе пайдалануға жарамсыздарын ауыстырумен тікелей байланысты «Технологияларға» техникалық қызмет көрсету бақыланбайды.
Айрықша ескерту: 7В001 тармағына Техникалық ескертуді қараңыз.
7Е003
7Е004 Басқа «технологиялар», олар мынадай:
а. Төменде көрсетілгендерді «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технология»:
1. 5 МГц-дан жоғары жиілікте жұмыс істейтін борттық автоматтық пеленгациялық жабдықтар;
2. Үстірт статистикалық деректерге ғана негізделген әуе-ақпараттық жүйелер, яғни, стандартсыз әуе сынамаларынсыз бола алатын жүйелер;