іске асыруға ықпал ететін жағдайлар жасау
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мәдени, қоғамдық өмірге қатысуға, демалысқа және бос уақытын өткізуге құқықтарын іске асыруға арналған жағдаймен қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар көзделеді:
бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
балалардың рухани дамуына зиянын тигізетін ақпарат пен материалдардан оларды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
балалардың демалу құқығын іске асыру жөніндегі мониторингті әзірлеу және енгізу;
халықаралық, республикалық балалар конференцияларын, форумдар, конкурстар, фестивальдер өткізу жолымен балалардың барлық санаттарының мәдени және шығармашылық өмірге жан-жақты қатысу құқығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар кешенін енгізу;
екінші кезеңде (2010 - 2011 жылдар):
мүмкіндігі шектеулі балалардың мәдени өмірге қатысуына жағдай жасау;
балалардың қоғам мен мемлекеттің өміріне қатысуға, азаматтық демократиялық мәдениеттің негізін қалыптастыруға бағытталған балалардың әлеуметтік бастамаларын дамытуға одан әрі ықпал ету;
балалардың әлеуметтік бастамаларын, балалардың қоғамдық қозғалысын және балалардың қоғамдық ұйымдарын мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ұлттық заңнамаларға зерттеулер жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2009.02.02. № 103 Қаулысымен 6 бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті республикалық және жергілікті бюджет шығыстарының көлемі 10295,445 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
республикалық бюджет қаражаты есебінен - 2425,219 млн. теңге:
2007 жылы - 306,955 млн. теңге;
2008 жылы - 586,615 млн. теңге;
2009 жылы - 510,857 млн. теңге;
2010 жылы - 510,857 млн. теңге;
2011 жылы - 509,935 млн. теңге;
жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен - 7870,226 млн. теңге:
2007 жылы - 1,200 млн. теңге;
2008 жылы - 525,259 млн. теңге;
2009 жылы - 3663,353 млн. теңге;
2010 жылы - 2409,684 млн. теңге;
2011 жылы - 1270,730 млн. теңге.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.
Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық қорлардың және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздердің демеушілік қолдауы ретінде халықаралық ұйымдардың, коммерциялық банктер мен кәсіпкерлік құрылымдардың техникалық және гранттық көмегін тарту көзделеді.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасында 2011 жылға дейін халықаралық нормалар мен стандарттарға жауап беретін балалар қауымының барлық санаттарының өмірі мен дамуының сапасын жақсарту үшін жағдай жасайтын балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптастырылады.
Бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді және енгізіледі;
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады;
балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік органдар ашылады;
балалар құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіледі;
балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мониторинг әзірленеді және бақылау жүргізіледі;
балалардың және ата-аналардың, балалармен жұмыс істейтін мамандардың құқықтық білімдерін жетілдіру үшін әдістемелік әдебиет әзірленеді;
пилоттық жобалар шеңберінде бала еңбегінің ең нашар нысандарының алдын алу және сақтандыру жөніндегі балаларға арналған әлеуметтік орталықтар құрылады;
үш облыста 520 мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балаларды қамтитын 3 арнайы түзеу білім беру ұйымдары ашылады;
жыл сайын ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 450 кәмелетке толмаған баланы қамтитын 1 оңалту орталығын ашу есебінен қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың саны 16,7 %-ға төмендейді;
90 жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтитын отбасылық тұрмысқа жақындатылған жағдайда тұру үшін үш облыста отбасы үлгісіндегі 3 балалар ауылы ашылады;
балалар үйлерінің 324 түлегіне әлеуметтік бейімдеу үшін жағдай жасау мақсатында төрт облыста 4 жасөспірімдер үйі ашылады;
бес облыста 340 баланы қамтитын отбасы үлгісіндегі 5 балалар үйі ашылады;
қызығушылықтары бойынша бос уақыттарын өткізу үшін балалар қоғамдық ұйымдарының желісі 30 %-ға кеңейтіледі.
Екінші кезеңде (2010-2011 жылдар):
балалар құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы заңнаманың сақталуына бақылау күшейтіледі;
БҰҰ бала құқықтарын қорғау Конвенциясының қағидаларын орындау бойынша өңірлік бағдарламалар енгізіледі;
балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтану зерттеулерінің деректер банкі құрылады;
әр түрлі ведомстволық тиесілілік ұйымдары мен органдары қызметіне мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық нормаларды сақтау көрсеткіш ретінде енгізіледі;
мүдделі ведомстволармен және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жолымен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жетілдіріледі;
бала еңбегінің ең нашар нысандарын жою үшін жағдайлар жасалады;
жыл сайын әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуға мұқтаж 350 кәмелетке толмаған баланы қамтитын 2 оңалту орталығын ашу есебінен қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың саны 16,8 %-ға төмендейді;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерді кезең-кезеңмен қысқарту қамтамасыз етіледі;
200 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтитын отбасылық тұрмысқа жақындатылған жағдайда тұру үшін үш облыста отбасы үлгісіндегі 3 балалар ауылы ашылады;
балалар үйлерінің 380 түлегін әлеуметтік бейімдеу мақсатында екі облыста 8 жасөспірімдер үйі ашылады;
алты облыста 225 баланы қамтитын отбасы үлгісіндегі 10 балалар үйі ашылады;
екі облыста мүмкіндігі шектеулі және мүгедек 250 баланы қамтитын 2 арнайы түзеу-білім беру ұйымдары ашылады;
мүдделері бойынша балалар қоғамдық ұйымдарын одан әрі дамыту жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.02.02. № 103 Қаулысымен 8 бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары
| № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындалу мерзімі | Болжамды шығындар (млн. теңге) | Қаржыландыру көздері | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
| 1. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру | |||||||
| 1 | Ұлттық заңдардың Қазақстан Республикасы ратификациялаған балалар құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкестігіне талдауды жүзеге асыру және жүргізілген талдауларды ескере отырып, заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | БҒМ (жинақтау), ДСМ, ІІМ, Еңбекмині, БП (келісім бойынша), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 жылғы III тоқсан | Талап етілмейді |
| |
| 2 | «Әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Еңбекмині (жинақтау), БҒМ, ДСМ, АҚҰО (келісім бойынша) | 2008 жылғы I тоқсан | Талап етілмейді |
| |
| 3 | Балалар құқықтарына қатысты заң жобаларын, әлеуметтік зерттеулерді сараптама жасауға ҮЕҰ өкілдерін тарту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), ДСМ, Ең- бекмині, БП (келісім бойынша), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 - 2009 жылғы 20 шілде | Талап етілмейді |
| |
| 4 | Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиелеудің баламалы нысандарын дамыту және қолдау көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар даярлау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | БҒМ (жинақтау), ДСМ, IIМ, АҚҰО (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2008 жылғы 20 қараша | Талап етілмейді |
| |
| 5 | Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және түзеу ұйымдарының (күндізгі орналастыру орталықтары, ресурстық орталықтар және т.б.) қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | БҒМ (жинақтау), Еңбекми- ні, ДСМ | 2008 жылғы IV тоқсан | Талап етілмейді |
| |
| 2. Мүдделі министрліктермен, ведомстволармен және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара байланысты қамтамасыз ету | |||||||
| 6 | Балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 2009 жылғы 20 шілде | Талап етілмейді |
| |
| 7 | «Балалар мен отбасы мүдделері үшін ұлттық деңгейдегі мемлекеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау және қаржыландыру» атты халықаралық конференция өткізу | БҒМ-ге ақпарат | БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қоры (келісім бойынша) | 2007 жылғы II тоқсан |
| Бюджеттен тыс қаражат есебінен | |
| 8 | Астана қаласында қорғаншы және қамқоршы органдар мамандарына арналған «Халықаралық бала асырап алу саласындағы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау» атты республикалық семинар-кеңес өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), ДСМ, СІМ, ІІМ, АҚҰҚО (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қоры (келісім бойынша), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 жылғы 20 қаңтар |
| Бюджеттен тыс қаражат есебінен | |
| 9 | Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық органдарының қызметін ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 2008 - 2009 жылғы 20 қаңтар | 2007 жыл - 230,967; 2008 жыл - 468,700; 2009 жыл - 468,700 |
| |
| 3. Балалардың сапалы білім, медициналық және әлеуметтік қызметтерді алуы үшін жағдайлар жасау | |||||||
| 10 | Балалардың құқықтарын және мүдделерін қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жи- нақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008- 2009 жылғы 20 қаңтар | 2007 жыл - 5,075; 2008 жыл - 5,075; 2009 жыл - 5,075 | Республикалық бюджет | |
| 11 | Баланың құқықтары бойынша ғылыми- әдістемелік журналдар, кітаптар әзірлеу және басып шығару | Басылымдар | БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2007- 2008 жылдар | 2007 жыл - 7,328; 2008 жыл - 18,050 | Республикалық бюджет | |
| 12 | Шығыс Қазақстан облысында «Балалар құқықтарын қорғау» атты әлеуметтік жұмыс бойынша Жазғы мектеп ұйымдастыру | БҒМ-ге ақпарат | Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2007 жылғы III тоқсан |
| Бюджеттен тыс қаражат есебінен | |
| 13 | Мигрант-балалар үшін медициналық және әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігі жағдайын зерделеу, сондай-ақ оларды балалар еңбегіне тарту | БҒМ-ге ақпарат | Еңбекмині (жинақтау), ДСМ | 2008 жылғы III тоқсан |
|
| |
| 14 | Арнайы түзету білім беру ұйымдарын ашу (қайта жаңарту) | БҒМ-ге ақпарат | Облыс әкімдіктері | 2009 жылғы IV тоқсан | Ақтөбе облысы: 2009 жыл - 726,247 Қостанай облысы: 2009 жыл - 540,000 Маңғыстау облысы: 2009 жыл - 1218,500 | Жергілікті бюджет | |
| 4. Өмірде қиын ахуалға тап болған балалардың құқықтарын қорғау, оларды қадағалаусыздықтан, бақылаусыздықтан сақтандыру және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін шаралардың кешенді жүйесін қалыптастыру | |||||||
| 15 | Балалардың құқықтарын және мүдделерін қорғау саласында ғылыми- әдістемелік құралдар, ұсынымдар әзірлеу және басып шығаруды қамтамасыз ету | Басылымдар | БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2007 -2008 жылдар | 2007 жыл - 7,329; 2008 жыл - 18,050 | Республикалық бюджет | |
| 16 | Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), ІІМ, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 - 2009 жылғы 20 шілде | 2007 жыл - 5,075; 2008 жыл - 5,075; 2009 жыл - 5,075 | Республикалық бюджет | |
| 17 | Өмірде қиын ахуалға тап болған балаларға көмек көрсету жөніндегі азаматтық секторлардың өкілдері арасында волонтерлық қозғалысты дамыту | БҒМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жыл сайын | Талап етілмейді |
| |
| 18 | Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмыс тәжірибелерін зерделеу | БҒМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2008 жылғы III тоқсан | Талап етілмейді |
| |
| 19 | Девианттық мінез- құлықты кәмелетке толмағандарға арналған арнайы білім беру ұйымдарының ерекше тәртіптегі арнайы білім беру ұйымдарының жай-күйін зерделеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), ІІМ, ДСМ, АҚҰО (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Қазақстан криминалистикалық қауымдастығы (келісім бойынша) | 2009 жылғы 20 қаңтар | Талап етілмейді |
| |
| 20 | Пилоттық жобалар шеңберінде бала еңбегінің ең нашар нысандарының алдын алу және сақтандыру жөніндегі балаларға арналған әлеуметтік орталықтар құру | БҒМ-ге ақпарат | Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері, ХЕҰ (келісім бойынша), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 жылғы III тоқсан |
| Бюджеттен тыс қаражат есебінен ХЕҰ | |
| 21 | ШҚО-да отбасын қолдау қызметін құру | БҒМ-ге ақпарат | ШҚО әкімдігі, БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қоры (келісім бойынша) ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 жылғы І тоқсан |
| Бюджеттен тыс қаражат есебінен | |
| 22 | Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға арналған оңалту орталықтарын ашу | БҒМ-ге ақпарат | Облыс әкімдіктері | 2008 жылғы желтоқсан | Ақтөбе облысы: 2008 жыл - 57,530 | Жергілікті бюджет | |
| 5. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу | |||||||
| 23 | Баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын әзірлеу және электронды тасымалдаушылармен тарату | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 - 2009 жылдар 20 шілде | 2007 жыл - 7,329; 2008 жыл - 18,050 | Республикалық бюджет | |
| 24 | Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 -2009 жылғы 20 шілде
| 2007 жыл - 5,075; 2008 жыл - 5,075; 2009 жыл - 5,075 | Республикалық бюджет | |
| 25 | Қазақстан Республикасындағы интернаттық мекемелердегі балалардың жай-күйіне зерттеу жүргізу | БҒМ-ге ақпарат
| БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қоры (келісім бойынша) ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2007 жылғы ІV тоқсан |
| Бюджеттен тыс қаражат есебінен | |
| 26 | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды деинституционализациялау стратегиясының негізгі бағыттарын әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), ДСМ, ІІМ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қоры (келісім бойынша) ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 жылғы 20 шілде |
| Бюджеттен тыс қаражат есебінен | |
| 27 | Балалар құқықтарын қорғау туралы БҰҰ Конвенциясының ережелері туралы жұртшылықтың білімін арттыру және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында коммуникативтік жоспар құру және бекіту | Коммуникативтік жоспар | БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қоры (келісім бойынша), БҒМ, Мәдениетмині, Еңбекмині, ДСМ, ІІМ, СІМ | 2007 жылғы IV тоқсан |
| Бюджеттен тыс қаражат есебінен | |
| 28 | Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, отбасы құндылығы мен отбасылық тәрбиені насихаттау жөнінде теле-және радио бағдарламалар жасау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), Мәдениетмині, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | Жыл сайын 20 қаңтарға дейін | 2007 жыл - 16,989; 2008 жыл - 16,989; 2009 жыл - 16,989 | Республикалық бюджет | |
| 29 | «Қорғаншылық» бірыңғай ақпараттық жүйесінің техникалық спецификациясын әзірлеу | Техникалық спецификация | БҒМ | 2007 жылғы IV тоқсан | 2007 жыл - 2,000 | Республикалық бюджет | |
| 30 | Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен баланы өз отбасында тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдіруші азаматтар туралы мәліметтерді өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ағымдық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету | БҒМ-ге ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2008 - 2009 жылдар 10 қаңтар және 10 шілде | Ақмола облысы: 2009 жыл - 0,061 Ақтөбе облысы: 2008 жыл - 0,061 2009 жыл - 0,061 Алматы облысы: 2008 жыл - 0,061 2009 жыл - 0,061 Атырау облысы: 2008 жыл - 0,060 2009 жыл - 0,071 Шығыс Қазақстан облысы: 2008 жыл - 0,061 2009 жыл - 0,061 Жамбыл облысы: 2008 жыл - 0,061 2009 жыл - 0,060 Батыс Қазақстан облысы: 2008 жыл - 0,061 2009 жыл - 0,061 Қарағанды облысы: 2008 жыл - 0,061 2009 жыл - 0,061 Қостанай облысы: 2008 жыл - 0,059 2009 жыл - 0,074 Павлодар облысы: 2008 жыл - 0,061 2009 жыл - 0,061 Солтүстік Қазақстан облысы: 2008 жыл - 0,061 2009 жыл - 0,061 Алматы қ.: 2008 жыл - 0,061 2009 жыл - 0,061 Астана қ.: 2008 жыл - 0,061 2009 жыл - 0,061 | Жергілікті бюджет | |
| 31 | Облыстық, қалалық білім департаменттерінде, басқармаларында, аудандық білім бөлімдерінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қосымша мамандарды енгізу | БҒМ-ге ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2008 - 2009 жылдар 10 қаңтар және 10 шілде | Ақтөбе облысы: 2008 жыл - 0; 2009 жыл - 9,779; Алматы облысы: 2008 жыл - 0; 2009 жыл - 51,339; Шығыс Қазақстан облысы: 2008 жыл - 0; 2009 жыл - 48,037; Жамбыл облысы: 2008 жыл - 0; 2009 жыл - 14,712; Батыс Қазақстан облысы: 2008 жыл - 0; 2009 жыл - 16,674; Қарағанды облысы: 2008 жыл - 0; 2009 жыл - 42,607; Қостанай облысы: 2008 жыл - 0; 2009 жыл - 14,712; Маңғыстау облысы: 2008 жыл - 0; 2009 жыл - 11,402; Алматы қ.: 2008 жыл - 0; 2009 жыл - 26,447; Астана қ.: 2008 жыл - 0; Солтүстік Қазақстан облысы: 2009 жыл - 10,454;
| Жергілікті бюджет | |
| 32 | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандарын дамыту (патронаттық отбасылар) | БҒМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2008 - 2009 жылдар 10 қаңтар және 10 шілде | Талап етілмейді |
| |
| 33 | Ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға балалардың құқықтарын және мүдделерін қорғау мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету және кеңес беру | БҒМ-ге ақпарат | ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, ДСМ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2008 -2009 жылдар 10 шілде | Талап етілмейді |
| |
| 34 | «Асырап алушы ата-аналар мектебі» атты патронаттық тәрбиешілерге арналған оқыту бағдарламасын енгізу | БҒМ-ге ақпарат | БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балаларқоры (келісім бойынша), облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2007 жылғы IV тоқсан | Талап етілмейді |
| |
| 35 | Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар ауылдарын ашу | Әкімдердің шешімдері, БҒМ-ге ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2008 - 2009 жылдар 10 қаңтар және 10 шілде | Алматы облысы: 2009 жыл - 187,200 Қарағанды облысы: 2009 жыл - 140,400 (құрылыстың басталуы) Павлодар облысы: 2008 жыл - 300,000 Астана қ.: 2009 жыл - 187,200 | Жергілікті бюджет | |
| 36 | Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Отбасылық үлгідегі үйлер ашу | Әкімдердің шешімдері, БҒМ-ге ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2008 -2009 жылдар 10 қаңтар және 10 шілде | Ақтөбе облысы: 2009 жыл - 25,000 Батыс Қазақстан облысы: 2009 жыл - 30,000 Қызылорда облысы: 2009 жыл - 25,000 Павлодар облысы: 2008 жыл - 7,000 2009 жыл - 7,000 Алматы қ.: 2009 жыл - 187,200 | Жергілікті бюджет | |
| 37 | Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінің, мектеп -интернаттардың бітірушілері үшін Жасөспірімдер үйлерін ашу | БҒМ-ге ақпарат | Облыстардың әкімдіктері | 2008 -2009 жылдар 10 қаңтар және 10 шілде | Шығыс Қазақстан облысы: 2007 жыл - 1,200 2009 жыл - 10,000 (құрылыстың басталуы) Жамбыл облысы: 2009 жыл - 91,875 Қарағанды облысы: 2009 жыл - 11,000 Маңғыстау облысы: 2008 жыл - 160,000 Павлодар облысы: 2009 жыл - 20,000 | Жергілікті бюджет | |
| 6. Балалардың мәдени және шығармашылық өмірге қатысу құқығын іске асыруы үшін жағдайлар жасау | |||||||
| 38 | Балалардың мәдени және шығармашылық өмірге қатысу құқығын іске асыруы үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 - 2009 жылдар 20 шілде | 2007 жыл - 5,075; 2008 жыл - 5,075; 2009 жыл - 5,075 | Республикалық бюджет | |
| 39 | Балалардың құқықтары туралы мультфильмдер, ашықхаттар, безендірілген альбомдар, ғылыми -насихаттаушы бейнероликтер әзірлеу және басып шығаруды қамтамасыз ету | Бейнероликтер, альбомдар, ашықхаттар, мультфильмдер | БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 жыл | 2008 жыл - 18,050 | Республикалық бюджет | |
| 40 | «Қосымша білім беру жүйесіндегі оқушыларды әлеуметтендіруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» атты бағдарлама әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 жыл - 2,848 | Республикалық бюджет | |
| 41 | Республикалық конкурстарды («Болашақ Жұлдызы», «Балалық шақ досы - Друг детства», «Таң шолпан») өткізуді қамтамасыз ету | БҒМ-нің бұйрығы | БҒМ (жинақтау), Мәдениетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2008 -2009 жылдар 20 қаңтар | 2007 жыл - 11,868; 2008 жыл - 8,426; 2009 жыл - 4,868 | Республикалық бюджет | |
| 42 | Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамына салауатты өмір салтын, әлеуметтік бейімдеу, оңалту және интеграциялауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстандағы «Special Olympics» ҮЕҰ бағдарламасын іске асыруына жәрдем көрсету | БҒМ-ге ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Еңбекмині, Қазақстандағы «Special Olympics» ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 -2009 жылдар 10 қаңтар және 10 шілде | Талап етілмейді |
| |
| 43 | Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі балалардың ҮЕҰ қызметінің және балалардың қоғамдық қозғалысының халықаралық тәжірибесін зерделеу | БҒМ-ге ақпарат | Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2008 жылдың III тоқсаны | Талап етілмейді |
| |
|
| Республикалық және жергілікті бюджеттердің барлық қаражаты: |
|
|
| 2007 жыл - 308,155; 2008 жыл - 1111,874; 2009 жыл - 4174,210 Жиыны: 5594,239 |
| |
|
| Соның ішінде: |
|
|
| 2007 жыл - 306,955 2008 жыл - 586,615 2009 жыл - 510,857 Жиыны: 1 404,427 | Республикалық бюджет | |
|
|
|
|
|
| 2007 жыл - 1,200 2008 жыл - 525,259 2009 жыл - 3663,353 Жиыны: 4189,812 | Жергілікті бюджет | |
|
|
|
|
|
| 2007 жыл - 169,760 Жиыны: 169,760 | Бюджеттен тыс қаражат | |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпелер:
*2007-2011 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын шығыстар көлемі Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына және мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған шешімдеріне сәйкес анықталатын (нақтыланатын) болады, мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көрсетіледі.
Бұдан басқа, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық қорлардың және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздердің демеушілік қолдауы ретінде халықаралық ұйымдардың, коммерциялық банктер мен кәсіпкерлік құрылымдардың техникалық және гранттық көмегін тарту көзделеді.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
| БП | - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы; |
| БҒМ | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі; |
| ІІМ | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі; |
| ДСМ | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі; |
| СІМ | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі; |
| Еңбекмині | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі; |
| Еңбекмині | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; |
| ТСМ | - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі; |
| ХЕҰ-ИПЕК | - Халықаралық еңбек ұйымы - Бала еңбегін жою жөніндегі халықаралық бағдарлама; |
| АҚҰО | - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық; |
| ҮЕҰ | - Үкіметтік емес ұйымдар; |
| ЮНИСЕФ | - Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры. |