Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі Агенттігінің 2008 жылғы 3 наурыздағы жедел ақпараты «2008 жылғы ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы 2007 жылғы ақпанмен салыстырғанда 26,8%-ға өсті»

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі Агенттігінің 2008 жылғы 3 наурыздағы жедел ақпараты
 
2008 жылғы ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы  2007 жылғы ақпанмен салыстырғанда 26,8%-ға өсті

 

Тұрақты өткізіліп тұратын байқаудың материалдары 2008 жылғы ақпанда 2007 жылғы тиісті аймен салыстырғанда азық-түлік тауарларының баға деңгейі ұнға - 64,1%, нанға - 42,7%, жармаға - 11,9%-ға өскенін көрсетті. Бағаның өсуі май және тоң майға - 61,1%, сүт өнімдеріне - 32,9%, жұмыртқаға - 29,6%-ға байқалды. Баға жемістерге - 30%, көкөністерге - 20,9%, балық және теңіз өнімдеріне - 21,5%, кондитерлік өнімдерге - 13,7%-ға өсті.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 25,6% құрады. Құс етіне баға деңгейі 38,9%, жылқы етіне - 33,2%, сиыр - 28,3%, қой - 24,8%, шұжық өнімдеріне - 19,3%, шошқа етіне - 16,7%-ға өсті.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.