«Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 199 Қаулысы (2013.23.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

Стабилизаторлар және қоюландырғыштар

 

                                                  4-кесте

 

 

Тәтті дәм бергіштер

 

                                           5-кесте

 

 

Ескертпе:

4INS - тамақ қоспаларын кодтаудың халықаралық цифрлық жүйесі (International Numbering System), Е - Еуропа Одағының тамақ қоспаларын кодификациялау жүйесі

 

Техникалық регламентке

3-қосымша

 

Функционалдық шырындар, шірнелер, морстар мен құрамында

шырыны бар сусындар өндірісінде рұқсат етілетін

физиологиялық функционалдық ингредиенттер

Физиологиялық функционалдық ингредиенттер

 

                                                    1-кесте

 

 

Ескертпе:

1. Шырындарға, шірнелерге, құрамында шырыны бар сусындарға, морстарға функционалдық қасиет беру үшін шикізат ретінде физиологиялық функционалдық ингредиенттер қамтылған мынадай азық-түліктерді пайдалануға болады (жақшада көрсетілген):

дәндер, олардың экстракттары (минералды заттар, тағамдық талшықтар, полисіңірілмеген май қышқылдары);

асқабақтың, күнбағыстың тұқымдары (минералды заттар, тағамдық талшықтар, полисіңірілмеген май қышқылдары);

жаңғақтар, олардың экстракттары (минералды заттар, полисіңірілмеген май қышқылдары);

өсімдік экстракттары (антоциандар, каротиноидтер, флавоноидтер, сапониндер, илеу заттары, органикалық қышқылдар, ащылар, макро- және микроэлементтер және басқа да биологиялық активті заттар);

өсімдіктердің эфир майлары (эфир майы);

бұршақ немесе олардың экстракттары немесе изоляттары (минералды заттар, ақуыздар).

2. Шырын өнімдерінде жоғарыда санамаланған азық-түліктерді 6-бөлімнің ережелерімен айқындалған өзге мақсаттарда қолдануға рұқсат етілмейді. Функционалдық ингредиенттері бар қосылған азық-түліктерді таңбалау осы техникалық регламенттің 10-тармағында келтірілген функционалдық қасиеттерге ие шырын өнімдерін таңбалауда қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Шырын өнімі құрамында бір дәрумен және минерал бір порциядағы (250 мл) ұсынылып отырған тәуліктік қажеттіліктің кемінде 10 % құраса, функционалдыққа жатқызылады.

3. Функционалдық шырын өнімдерінде полисіңірілмеген май қышқылдарының, майлардың еруін қамтамасыз ету үшін «ДПП-ға» сәйкес  мөлшерде лецитиндерді (тамақ қоспасының коды Е 322) пайдалануға жол беріледі. Функционалдық қасиеті жоқ және функционалдық ингредиенттері жоқ шырын өніміне лецитиндерді қолдануға тыйым салынады.

 

Техникалық регламентке

4-қосымша

 

Шырындар, пюрелер, қойылтылған шырындар, қойылтылған

пюрелер, қойылтылған морстар өндірісінде, сондай-ақ қалпына

келтірілген шырындарды, шірнелерді, морстар мен құрамында

шырыны бар сусындарды пайдалануға рұқсат етілетін

техникалық құралдар

 

                                                  1-кесте

 

 

1-кестеге ескертпе:

110 мг/л соңғы өнімнің ең көп қалдық саны.

2Тек жүзім шырын өндірісінде.

310 мг/л соңғы өнімнің ең көп қалдық саны (SО2жалпы есепте).

4Осы технологиялық құралдарды пайдалану кезінде олардың аллергендік әлеуетін назарға алу қажет. Тікелей пайдалануға арналған шырын өнімдеріндегі осы технологиялық құралдардың қалдық саны болған кезде, олар осы Техникалық регламенттің 10-бөлімінің талаптарына сәйкес таңбалауға жатады

5Соңғы өнімнің ең көп қалдық саны 8 мг/кг.

6Оларды қолдану шикізаттың толық ыдырауына әкелмейтін және өңделетін жемістер мен көкөністердің целлюлюлоза мөлшеріне әсер етпейтін жағдайда ғана ферментті препараттар технологиялық құралдар ретінде пайдаланылуы мүмкін.

7Уақытша консервілеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

 

 

ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 735 Қаулысымен 5-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Техникалық регламентке

5-қосымша

 

Шырын өнімдерінің қауіпсіздігі мен түпнұсқалығы

көрсеткіштерін өлшеуді орындау әдістерінің тізбесі

 

1. Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарын орындау және өлшемдер бірлігі қағидатын орындау мақсатында төменде санамаланған шырын өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапа көрсеткіштерінің өлшемдерін орындау әдістеріне Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары және халықаралық стандарттар қолданылады.

2. Осы техникалық регламенттің талаптарын орындау және өлшемдер бірлігі қағидатын қамтамасыз ету мақсатында шырын өнімдерінің қауіпсіздігі мен түпнұсқалығы өлшемдерін орындау әдістеріне Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары болмаған кезде Codex Alimentarius CODEX STA № 247-2005 Комиссиясының Жеміс шырындары мен шірнелері бірыңғай стандартының қолданыстағы редакциясына енгізілген өлшемдерді орындаудың тиісті әдістерін қолдануға рұқсат етіледі.

 

 

Техникалық регламентке

6-қосымша

 

Шырын өнімдерінің өндірісі үшін пайдаланылатын жемістер мен

көкөністер. Қалпына келтірілген шырындар мен пюрелердің

құрамындағы еритін құрғақ заттарға қойылатын талаптар

Шірнелердегі шырынның (пюренің) үлесі.

 

 

Ескертпе:

1. Құрамындағы қойылтылған шырыннан (пюреден) қалпына келтірілген жеміс және көкөніс шырындарының еритін құрғақ заттар, кез келген енгізілген ингредиенттердің құрғақ заттарын есепке алусыз кестеде келтірілген деңгейден кем болмауы тиіс.

2. Егер кестеде қалпына келтірілген еритін құрғақ заттардың нормалары болмаған кезде, ең төменгі мәні тиісті қойылтылған шырын (пюреден) өндірісінде пайдаланылатын тікелей сығылған шырындағы құрғақ заттарды ұстау негізінде айқындалады.

3. Тікелей сығылған жеміс және көкөніс шырындары (пюрелері) үшін құрамындағы еритін құрғақ заттар кестеде белгіленген нормаларға сәйкес болуы тиіс.

4. Тікелей сығылған жеміс және көкөніс шырындары (пюрелері) үшін кестеде құрамында еритін құрғақ заттар ең аз құрамына арналған нормалар болмаған кезде, соңғысы шыққан жемістер мен көкөністерді өңдеу кезінде алынған шырындағы (пюредегі) еритін құрғақ заттардың құрамына сәйкес болуы тиіс.

5. Еритін құрғақ заттарды құрамын төмендету мақсатында тікелей сығылған шырынды және пюрені сумен қосуға тыйым салынады.

6. Қышқылдығы бойынша түзету.

7. Жаңғақ жұмсағын сықпай-ақ кокос жаңғағының жемісінен тікелей алынған «кокос суына» сәйкес келеді.