Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың
және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакетi мемлекетке
тиесiлi ұйымдардың қаржылық қызметтердi сатып алуының кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысы
(2007.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 26 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңның 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакеті мемлекетке тиесілi ұйымдардың иелiгiнде бар уақытша бос ақша қалдығын тиiмдi пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2007.27.04. № 341 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын және табиғи монополиялар субъектiлерiн, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамын және пруденциалдық нормативтер мен активтерді диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қаржы ұйымдарын қоспағанда, акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдардың (бұдан әрi - Ұйымдар) акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұйымдардың иелігiнде бар уақытша бос ақшаны мынадай қаржы құралдарына:
1) Қазақстан Республикасының, оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарға - оны ұйымдастыру үшiн заңнамаға сәйкес иелігінде бар ақшаны мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру құқығы бар ұйымдар үшiн 10 (он) пайызға дейiн;