2007 жылы мемлекеттік аралық бақылауды қайта өткізу туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті төрағасының
2007 жылғы 24 тамыздағы № 891 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 22 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1056 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Дәлелді себептер бойынша негізгі мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ) рәсіміне қатыса алмаған немесе шекті деңгейге жете алмаған 2(3) курс студенттері үшін 2007 жылғы 13 қыркүйекте кешенді тестілеу қайта өткізілсін.
2. 1-қосымшаға сәйкес базаларында қайта тестілеу өткізілетін жоғары оқу орындарының және базалық жоғары оқу орындарына бекітілген желілік ЖОО-лардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
3. 2, 3-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің (бұдан әрі - министрлік өкілдері) және апелляциялық комиссия төрағаларының тізімі бекітілсін.
4. 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі программистерінің (бұдан әрі - министрлік программистері) тізімі бекітілсін.
5. Министрлік өкілдері мен апелляциялық комиссиялардың төрағалары: 1. МАБ-ты ұйымдастыруға және өткізуге бақылауды жүзеге асырсын; 2. МАБ технологиясын (бұдан әрі - технология) сақтауды қамтамасыз етсін; 3. апелляциялық комиссия жұмысының әділдігін сақтауға басшылық жасауды және бақылауды қамтамасыз етсін; 4. 2007 жылғы 20 қыркүйекке дейін қайта өткізілген МАБ-тың қорытындысы туралы есепті ұсынсын. 6. Мемлекеттік комиссиялардың төрағалары: 1) МАБ-ты өткізу ережелері мен технологияларына сәйкес қайта тестілеуді ұйымдастырсын және өткізсін;
2) МАБ-тың нәтижелерімен келіспеген студенттердің шағымдарын қарау кезінде апелляциялық комиссияның жұмысына жағдай жасасын;