Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің қаржылық есебі» № 21 бухгалтерлік есеп беру
стандартын бекіту туралы» 2001 жылғы 15 қазандағы № 399 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 121 қаулысы
Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша қаржылық есеп беруді жасауларына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің қаржылық есебі» № 21 бухгалтерлік есеп беру стандартын бекіту туралы» 2001 жылғы 15 қазандағы № 399 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1780 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» жəне «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2002 жылғы 11-24 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.