Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2008 жылғы 4 ақпандағы № 5 Бұйрығы
(2015.20.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Бас Прокурорының м.а. 2015 жылғы 20 ақпандағы № 36 бұйрығымен орыс тілдегі мәтіннің күші жойылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы статистикалық есепті 2007 жылдың 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестендіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Бас прокурорының 2014.08.10. № 112 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Бас Прокурорының 2011.18.11. № 122 бұйрығымен күші жойылды (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ҚР Бас Прокурорының 2009.29.09. № 53 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Бас Прокурорының м.а. 2015.20.02. № 36 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасына (Г.В. Ким) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.