Лицензияны қайта ресімдеу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 100 бұйрығы
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабын, Қазақстан Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымында № 454 қаулысымен бекітілген Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесінің 15-тармағын басшылыққа ала отырып БҰЙЬІРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2003 жылғы 16 шілдеде Сәуле Өмірзаққызы Бимуратованың атына берген № 0001506 нотариаттық қызметпен айналысу, құқығына мемлекеттік лицензияның орнына тегі өзгеруіне байланысты Сауле Өмірзаққызы Өмірзаққа қайта ресімделсін.