(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ 2004.03.03 № 3-1-618Қ ҚАУЛЫСЫ

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы
Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 3-1-618қ Қаулысы

(2007.08.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 18  ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Астана қаласы әкімдігінің 2006.08.08 № 23-698қ қаулысымен преамбула жаңа редакцияда

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы туралы», Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-ІІІ «Астана қаласы бюджетінің қаражаты есебінен азаматтардың әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімі туралы» шешімдеріне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

Астана қаласы әкімдігінің 2006.08.08 № 23-698қ қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті« мемлекеттік мекемесі қағидаларына сәйкес «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер», «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау» бағдарламаларының (бұдан әрі - Бағдарлама) орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Астана қаласының Қаржы департаменті қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 27 наурыздағы № 3-1-576қ «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылдың 7 сәуірінде № 254 болып тіркелген; 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 47 «Астана ақшамы»; 2003 жылғы 19 сәуірде № 43 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.