Лицензияның төлнұсқасын беру туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 106 бұйрығы
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабын, Қазақстан Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымындағы № 454 қаулысымен бекітілген Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесінің 14-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2002 жылғы 17 сәуірде Мағауия Құсайынұлы Елемесовтің атына берген № 0003684 адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензияның орнына жоғалуына байланысты Мағауия Құсайынұлы Елемесовке телнұсқасы берілсін.