Лицензияның телнұсқасын беру туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 2 бұйрығы
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабын, Қазақстан Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымындағы № 454 қаулысымен бекітілген Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесінің 14 тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2004 жылғы 13 мамырдағы Нұрланбек Жамкеновтің атына берген № 0005566 адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензияның орнына жоғалуына байланысты Нұрланбек Жамкеновке телнұсқасы берілсін.