Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға
арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 26 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банктердің рейтингі «ВВВ-»-дан төмен емес («Standard & Рооr's» және «Fіtсh» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «ВВа3» төмен емес («Moody's Investors Service» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындықтары белгіленсін.
Банктер мәміле жасай алатын шетел эмитенттерінің облигацияларының рейтингін төмендету кезінде осы тармақта белгіленген деңгейден төмен мәмілелерді жүзеге асыра алады, аталған төмендету пайда болған айдан кейінгі үш күнтізбелік ай ішінде банктер өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкестендіре жүргізеді.
2. Банктердің рейтингі«ВВ-»-дан төмен емес (»Standard & Рооr's» және «Fіtсh» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «ВаЗ» төмен емес (»Moody's Investors Service» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша), не жоғарыда аталған рейтинг агенттіктерінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB» төмен емес рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындықтары белгіленсін.
Банктердің мәмілелерді осы тармақта белгіленгеннен төмен деңгейде жүзеге асыра алатындай болып, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларының рейтингі төмендеген кезде, банктер аталған төмендету пайда болған айдан кейінгі үш күнтізбелік ай ішінде өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкестендіре жүргізеді.