«Миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 17 нарыздағы № 21-309қ Қаулысы
Астана қаласы Әкімдігінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 06-285қ Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Астана қаласының Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсететін «Миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызметінің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) стандарты бекітілсін.
2. Департамент мемлекеттік қызметтің бекітілген стандартын, соның ішінде жыл сайын бекітілетін сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерін қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін және әрбір есептік жылдың 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа мен қолжетімділіктің мақсатты көрсеткіштеріне жету жөніндегі тоқсан сайынғы және жылдық есептерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Департамент осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2008 жылғы 17 наурыздағы
№ 21-309қ қаулысымен
Бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Миссионерлік қызметпен айналысатын
азаматтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу»
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік қызмет миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу тәртібін белгілейді.