2008-2010 жылдарға арналған «Капустин Яр» және «Азғыр» полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге
әлеуметтік көмек көрсету туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 31 наурыздағы № 99 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және «Батыс Қазақстан облысының «Капустин Яр» және «Азғыр» әскери-сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен, полигондармен шектесетін аумақтарда тұратын мүгедектерді оңалту және оларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-15 шешімін іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Капустин Яр» және «Азғыр» полигондарымен шектесетін Ақжайық (Тайпақ бөлігі) Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе аудандарының аумағында тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және бірінші топ мүгедектеріне 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, екінші топ мүгедектеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, үшінші топ мүгедектеріне 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айсайын тиісті аудандар бюджетінен әлеуметтік көмек төленсін.
2. «Капустин Яр» және «Азғыр» полигондарымен шектесетін Ақжайық (Тайпақ бөлігі) Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе аудандарының әкімдері әлеуметтік көмектердің дер мерзімінде тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.