«Жетім балаларды және ата-анасының қамқоршылығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты (Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 5757 қаулысына 5 қосымша) (күші жойылды)

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 20 Қаулысымен күші жойылды

 

Өскемен қаласы әкімдігінің

2008 жылғы 21 ақпандағы

№ 5757 қаулысына

5 қосымша

 

 

«Жетім балаларды және ата-анасының қамқоршылығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы стандарт жетім балаларды және ата-анасының қамқоршылығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 101-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру Ережесінің 6 тармағының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті Қасым Қайсенов көшесі, 10-а мекенжайы бойынша орналасқан, www.goroo.ukg.kz сайты, «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) көрсетеді.

5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі - өңірлік есепке қою және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы өңірлік деректер банкіне енгізу үшін мәлімет жіберу.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған, тіркелген сәттен, талон алғаннан, электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 30 күннің ішінде;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 1 сағаттың ішінде;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 1 сағаттың ішінде.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.