Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін оларға құжаттар ресімдеу» (Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 5757 қаулысына 11 қосымша) (күші жойылды)

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 20 Қаулысымен күші жойылды

 

Өскемен қаласы әкімдігінің

2008 жылғы 21 ақпандағы

№ 5757 қаулысына

11 қосымша

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін оларға құжаттар ресімдеу»
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін оларға құжаттар ресімдеу - «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті» мемлекеттік мекемесіне тапсыру үшін протездік-ортопедиялық көмекті қажет ететіндерден өтініштер қабылдау (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережелерінің 9-12 тармақтарының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті Ворошилов көшесі 157/2 мекенжайы бойынша орналасқан, сайт www.oskemen.kz, «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) көрсетеді.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін оларға құжаттар ресімдеу.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыты бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған, электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 20-30 минут;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 20 минут;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 10-15 минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.