Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Оларды сурдо-, тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттар ресімдеу» (Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 5757 қаулысына 12 қосымша) (күші жойылды)

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 20 Қаулысымен күші жойылды

 

Өскемен қаласы әкімдігінің

2008 жылғы 21 ақпандағы

№ 5757 қаулысына

12 қосымша

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Оларды сурдо-, тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық
құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттар ресімдеу»

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Оларды сурдо-, тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттар ресімдеу - жеке оңалту бағдарламасының ұсыныстарына сәйкес оларды сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектерден өтініштер қабылдау (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережелерінің 66, 84, 94-2 баптарының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті Ворошилов көшесі 157/2 мекенжайы бойынша орналасқан, сайт www.oskemen.kz, «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) көрсетеді.

5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нәтижесі - оларды сурдо-, тифлотехникалық құралдармен және гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттар ресімдеу.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыты бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 3 жұмыс күні;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 30 минут;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.