ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2005.30.09. № 358 ҚАУЛЫСЫ (БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Предыдущая страница

Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша ағымдағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді өтімділік коэффициенттері айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, әрі оның өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орта мерзімді мөлшері банктің өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орта мерзімді мөлшерінің 1% кем емес құрайды.

Банктер 2006 жылғы 1 қазаннан бастап ағымдағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді валюталық өтімділік лимиттерін сақтауы тиіс.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 44-4-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.28.05  № 149 қаулысымен    (бұр .ред. қара )  44-4  тармақ өзгертілді

44-4. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына ара қатынасы ретінде есептеледі.

Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасына:

Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы талап ету бойынша міндеттемелер, соның ішінде есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;

бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейінгі Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімді міндеттемелер;

жеке және заңды тұлғалардың (банктерден басқа) мерзімді және шартты депозиттерін қоспағанда, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімді міндеттемелер, соның ішінде банктердің мерзімді және шартты депозиттері қосылады.

Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасының осы коэффициентінің есебін жасау мақсатында мыналар алып тасталынады:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» (бұдан әрі - Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 7-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасы резиденттері ретінде танылатын (растайтын құжаттары бар болғанда), Қазақстан Республикасы резидент еместері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар алдындағы және  корреспонденттік шоттары бойынша міндеттемелер;

«Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері  , сондай-ақ Еуразиялық даму банкті ұйымдастыру жөніндегі 2006 жылғы 12 қаңтардағы келісімге сәйкес құрылған Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі - Еуразиялық даму банкі) алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер.

Банктер 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимитін сақтауы тиіс.

Егер 2006 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимитінің нақты мәні белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда, осы банктерге қатысты мынадай тәртіп айқындалады:

1) 2006 жылдың 1 қазанына көлемі уәкілетті орган 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша әрбір жеке алынған банкке қатысты есептеген нақты мәнінен аспайтын мәнге келтірілуі тиіс;

2) 2006 жылғы 1 қазаннан бастап 2007 жылғы 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлемі уәкілетті орган 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша әрбір жеке алынған банкке қатысты есептеген нақты мәнінен аспауы тиіс;

3) 2007 жылдың 1 шілдесіне көлемі нормативтік мәнге келтірілуі тиіс.

Банктер осы тармақта белгіленген лимиттер асып кету тәртібін сақтаған жағдайда, 2007 жылғы 1 шілдеге дейін пруденциалдық нормативті бұзғаны ретінде танылмайды.

45. Есептi кезең iшiнде банктiң кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өтiп кеткен мiндеттемелерi болған не Қазақстан Республикасының төлем және ақшаны аударым жасау туралы заңнамалық нормаларының бұзылу фактілері болған жағдайында орташа айлық негiзде белгiленген өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қатыссыз өтiмдiлiк нормативтерi орындалмаған деп есептеледi.

46. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

5-тарау. Ашық валюталық позиция лимиттерi

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы банктiң талап етулерінiң (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (талап етулерінiң) шегiнен асып кетуi.

Ұзын валюталық позиция - бұл талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.

Қысқа валюталық позиция - бұл мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.

Валюталық позициялар есебiне мөлшерi валюталардың айырбас бағамының өзгеруiмен белгiленетiн, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) енгiзiледi (тазартылған қымбат металдардың құнын).

Мөлшерi бір шетелдiк валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен анықталатын, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позицияның мейлiнше төмен лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебiне енгiзiледi.

Әрбір шетелдiк валюта бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.

Жеке шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер тобының) (тазартылған қымбат металдарға) валюталарының есебi кезiнде бірiншi кезекте олар бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегергендегi активтер шоттарындағы әрбір шетелдiк валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашылған шоттардың сальдосы және банктiң мiндеттемесi бойынша шоттары есептеледi. Соңынан ол бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегере отырып, шартты талап етулер шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдiк валюта бойынша шоттар сальдосы анықталады. Мiндеттемелерден (талап етулерден) шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) талап етулер (мiндеттемелер) шегi асып кеткендiгiн көрсеткен сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған қорытынды банктiң шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) ашық позициясының мөлшерiн және түрiн анықтайды.

Банктiң валюталық нетто-позициясы банктiң барлық шетелдiк валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдiк валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.

Шетел валютасымен көрсетiлген талап етулер және мiндеттемелер осы талап етулер және мiндеттемелер көрсетiлген (белгiленген) шетел валюталары бөлiгіндегі валюта позициясы есебiне енгiзiледi.

Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргiзу кезiнде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.

48. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерiн белгiлейдi:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 (бұр.ред.қара); 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1) тармақша өзгертілді

1) StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен емес тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 12,5 процентiнен аспайтын мөлшердегi "Еуро", сондай-ақ тазартылған қымбат металл валютасы бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;

2) StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 25 процентiнен аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.

49. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

50. Ашық валюталық позицияның лимиттерi кез-келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейiнгi үш апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттерi осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 проценттiк тармаққа кемуiмен айқындалады.

Жекелеген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша банк белгiлеген лимиттердiң 0,09 проценттiк шектен асып кетуi ашық валюталық позицияның лимитiнiң бұзылуы болып есептелмейдi.

51. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

6-тарау. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы

инвестициясының барынша жоғары мөлшерiнiң коэффициентi

және басқа қаржылық емес активтер

 

52. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы инвестициясының мөлшерiнiң және басқа қаржылық емес активтердiң меншiктi капиталға (k6) қатысы 0,5-тен аспауы тиiс.

53. Негiзгi құрал-жабдықтар және басқа қаржылық емес активтерге мыналар жатады:

1) жер, үй және ғимарат;

2) салынып жатқан (орнатылып жатқан) негiзгi құрал-жабдықтар;

3) банк жалға алған үйлер бойынша күрделi шығындар;

4) компьютерлiк жабдықтар;

5) көлiк құрал-жабдықтары;

6) жалға беруге арналған негiзгi құрал-жабдықтар;

7) қаржы лизингiне қабылданған негiзгi құрал-жабдықтар;

8) басқа да негiзгi құрал-жабдықтар;

9) банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн және сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;

10) басқа да материалдық қорлар;

11) күрделi салымдар бойынша дебиторлық берешек.

 

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді)

6-1-тарау.Қазақстан Республикасының резидент еместері

алдындағы міндеттемелеріне банктердің капиталдандыруы

 

53-1. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерді банктердің капиталдандыруы k8 және k9 коэффициенттерімен сипатталады.

ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.28.05  № 149 қаулысымен  53-2  тармақ өзгертілді  (бұр .ред. қара )  ; ҚР  ҚҚА Басқармасының 2007 ж. 27 тамыздағы № 224 Қаулысымен   53-2  тармақ  өзгертілді  (2007 жылғы 1 қазанда қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара)

53-2. k8 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің меншікті капиталға қатысы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.

k8 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:

банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі   борыштық  бағалы қағаздар;

банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде банк арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдары арқылы шығарған бағалы қағаздар;

Салық кодексінің 7-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасы резиденттері ретінде танылатын (растайтын құжаттары бар болғанда), Қазақстан Республикасы резидент еместері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар алдындағы және корреспонденттік шоттары бойынша міндеттемелер;

2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері   , сондай-ақ Еуразиялық даму банкі  алдындағы міндеттемелер.

ҚР ҚҚА  Басқармасының 2007.28.05  № 149 қаулысымен  53-3  тармақ өзгертілді  (бұр .ред. қара ) 

53-3. k9 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасына және олардың айналысқа шығарған борыштық бағалы қағаздарының қатысы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.

k9 коэффицентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:

банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;

Салық кодексінің 7-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасы резиденттері ретінде танылатын (растайтын құжаттары бар болғанда), Қазақстан Республикасы резидент еместері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар алдындағы және  корреспонденттік шоттары бойынша міндеттемелер;

2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері   , сондай-ақ Еуразиялық даму банкі  алдындағы міндеттемелер.

53-4. k8 және k9 коэфиценттерін банктер 2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап сақтауға тиіс.

2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша k8 және k9 коэфиценттерінің нақты мәндері Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен асып түскен жағдайда, ол банктерге мынадай тәртіп белгіленеді:

1) 2008 жылғы 1 қаңтарға көлемі мынадай мәндерден барынша жоғарыдан аспауы тиіс:

осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;

осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;

2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде көлемі барынша жоғары мәнінен мынадай мәндер бойынша аспауы тиіс:

осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;

осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;

3) 2008 жылдың 1 сәуіріне өлшем осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.

Осы тармақпен белгіленген k8 және k9 коэффиценттерін банктер сақтаған жағдайда бұл асып түсу 2008 жылдың 31 наурызына дейін пруденциалдық нормативтерді бұзу деп танылмайды.

 

 

7-тарау. Қорытынды ережелер

 

54. Банктердiң пруденциалдық нормативтердi сақтауына бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

55. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

56. Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда жауап бередi.

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 409  Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2006.27.05. № 120  Қаулыcымен  (бұр. ред. қара); 2007.23.02. № 47 Қаулыcымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05  № 149 (бұр .ред. қара ); 2007.24.10. № 242 (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді

 

                                      Екiншi деңгейдегi банктер

                                    үшiн пруденциалдық нормативтер

                                        бойынша есеп айырысудың

                                    нормативтiк мәнi мен әдiстемесi

                                    туралы нұсқаулықтың 1-қосымшасы

 

43 және 44 жолдары 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi

 

Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша

сараланған банк активтерiнiң кестесi