Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 338 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 610-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасында:
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға кедендік баждардың ставкаларында:
«Өсімдік тектес өнімдер» деген II бөлімде:
«Майлы тұқымдар мен жемістер; өзге де тұқымдар, жемістер және астық; дәрілік өсімдіктер мен техникалық мақсаттарға арналған өсімдіктер; сабан және жемшөп» деген 12-топта:
«1212 99 300 0 ---мүйізше ағаштың жемістері - « жолының «Баж ставкасы (кедендік құнының пайызымен не евромен)» деген баған «5» деген санмен толықтырылсын;
«Дайын тамақ өнімдері; алкогольді және алкогольсіз ішімдіктер және сірке суы; темекі және оның алмастырғыштары» деген IV бөлімде:
«Какао және одан жасалған өнімдер» деген 18-топта:
«1801 00 000 0 Какао-бұршақтары, тұтас немесе уатылған, шикі немесе қуырылған - « жолының «Баж ставкасы (кедендік құнының пайызымен не евромен)» деген бағанында «5» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Көкөністердің, жемістердің, жаңғақтардың немесе өсімдіктердің өзге де бөліктерінен өңделген өнімдер» деген 20-топта:
«2005 91 000 0 -- бамбуктың өркені - « деген жолдың «Баж ставкасы (кедендік құнының пайызымен не евромен)» деген баған «15, бірақ 1 кг үшін 0,075 евродан кем емес» деген сөздермен толықтырылсын;
«Химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» деген VI бөлімде:
«Органикалық емес химия өнімдері; органикалық емес немесе органикалық қымбат бағалы металдардың, жерде сирек кездесетін металдардың, радиоактивтік элементтердің немесе изотоптардың қосылыстары» деген 28-топта:
«2844 30 110 0 --- металл керамикасы - « деген жолдың «Баж ставкасы (кедендік құнының пайызымен не евромен)» деген бағанында «кг U» деген сөздер «5» деген санмен ауыстырылсын;
«2844 30 190 0 өзгелері - « деген жолдың «Баж ставкасы (кедендік құнының пайызымен не евромен)» деген бағанында «кг U» деген сөз «5» деген санмен ауыстырылсын;
«Сүрек және одан жасалған бұйымдар; сүрек көмірі; тығын және одан жасалған бұйымдар; сабаннан, альфадан немесе тоқуға арналған өзге материалдардан жасалған бұйымдар; себеттік және басқа да тоқыма бұйымдар» деген IX бөлімде:
«Сүрек және одан жасалған бұйымдар; сүрек көмірі» деген 44-топта:
«4418 60 000 0 - білік пен баған - « деген жолдың «Баж ставкасы (кедендік құнының пайызымен не евромен)» деген баған «10» деген санмен толықтырылсын;
«Тастан, гипстен, цементтен, асбестен, слюдадан немесе керамикалық бұйымдар; ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар; шыны және одан жасалған бұйымдар» деген ХІІІ бөлімде:
«Тастан, гипстен, цементтен, асбестен, слюдадан немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар» деген 68-топта:
«6802 93 100 0 --- нетто-массасы 10 кг немесе одан да көп жылтыратылған, сәндендірілген немесе кесуден басқа, басқа да өңдеуден өткен - « деген баған «10» деген санмен толықтырылсын:
«Шыны және одан жасалған бұйымдар» деген 70-топта:
«7010 90 910 0 ------ түссіз шыныдан жасалғандар дана» деген жолдың «Баж ставкасы (кедендік құнының пайызымен не евромен)» деген баған «5» деген санмен толықтырылсын;
«Машиналар, жабдықтар және тетіктер; электротехникалық жабдықтар; олардың бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппараттар, телевизиялық бейнені және дыбысты жазуға және шығаруға арналған аппараттар, олардың бөліктері мен керек-жарақтары» деген XVI бөлімде:
«Ядролық реакторлар, қазандар, жабдықтар мен механикалық құрылғылар; олардың бөліктері» деген 84-топта:
«8486 30 600 0 -- сұйық кристалды қондырғылардың табан астына себе отырып физикалық тұндыруға арналған аппаратура дана» деген жолдың «Баж ставкасы (кедендік құнының пайызымен не евромен)» деген баған «5» деген санмен толықтырылсын;
«Электр машинкалары мен жабдықтар, олардың бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппараттар, телевизиялық бейне мен дыбысты жазуға және шығаруға арналған аппараттар, олардың бөліктері мен керек-жарақтары» деген 85-топта:
«8543 70 900 1 --- есептегіш машиналар мен оның блоктарына аудиосигналдарды (дыбыс карталарын) өңдеуге мүмкіндік беретін аппаратура; бөлшек саудаға арналған, есептегіш машина мен оның блоктарына аудиосигналдарды (дыбыс карталарын) өңдеуге мүмкіндік беретін, кемінде дауыс зорайтқыштар мен/немесе микрофоннан және электрон модульден тұратын, есептегіш машиналар мен олардың блоктарын жаңартуға арналған жиынтықтар дана» деген жолдың «Баж ставкасы (кедендік құнының пайызымен не евромен)» деген баған «0» деген санмен толықтырылсын;
«Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәл өлшеу, медициналық немесе хирургиялық құрал-жабдықтар мен аппараттар; барлық түрдегі сағаттар; олардың бөліктері мен керек-жарақтары» деген XVIII бөлімде:
«Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәл өлшеу, медициналық немесе хирургиялық құрал-жабдықтар мен аппараттар; олардың бөліктері мен керек-жарақтары» деген 90-топта:
«9032 89 000 0 -- өзгелері» деген жолдың «Қос. өлш. бір.» деген бағанында «-» деген белгі «дана» деген сөзбен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес уақытша негізде қолданылатын әкелу кедендік баж ставкаларында:
мына: