«Қостанай облысы, Қостанай қаласының №2 сотының өтініші бойынша «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі №310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының және 25-бабының 1-тармағы тармақшасының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы

Қостанай облысы, Қостанай қаласының №2 сотының өтініші бойынша
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі №310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының
9-бабы 3-тармағының және 25-бабының 1-тармағы тармақшасының
конституциялылығын тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері І.Ж.Бақтыбаев, Н.В.Белоруков, А.Н.Жайылғанова, В.А.Малиновский, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты И.Ә.Әміровтің,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.Қ.Сәрпековтің,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р.Құсдәулетовтің,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы М.Т.Әлімбековтің,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А.Калюжныйдың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қостанай облысы, Қостанай қаласының № 2 сотының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағын және 25-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.