«Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 мамырдағы № 31-IV Заңы

Қазақстан Республикасының
Заңы

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы

 

2003 жылғы 31 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы мынадай мәлімдемелермен және ескертпемен ратификациялансын:

1) Конвенцияның 44-бабы 6-тармағының а) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияны адам ұстап беру мәселелерінде Конвенцияға басқа қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастық үшін құқықтық негіз ретінде пайдаланады;

2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, Конвенцияның 46-бабының 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына жіберілетін құқықтық көмек туралы өтініштер және оған қоса берілетін материалдардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармалары да болуға тиіс;

3) Конвенцияның 66-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін Конвенцияның 66-бабы 2-тармағының ережелеріне байланысты деп есептемейді.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2008 жылғы мамырдың 4-і

 

№ 31 ІV ҚРЗ