БҚО ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2007.27.12. № 2991 ҚАУЛЫСЫМЕН БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ

Орал қаласы бойынша 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 2991 қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 10 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 8 бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайы және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшері және қосымшаларға сәйкес оларды қаржыландыру көздері бекітілсін (№ 1, 2 қосымшалар).

2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы (Е. М. Абулхатин) және қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың жетекшілері осы қаулыны орындауға қабылдасын.

3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы (Е. М. Абулхатин) жұмыс берушілерден қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қосымша тапсырыстар түскен жағдайда әкімдікке осы қаулыға енгізілетін толықтырулар туралы ұсыныс дайындасын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.