«Алматы қаласы Әкімдігінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды кешенді тексеруден өткізу туралы» Алматы қаласы әкімінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 53-ө өкімі

Алматы қаласы Әкімдігінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
атқарушы органдарды кешенді тексеруден өткізу туралы
Алматы қаласы әкімінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 53-ө өкімі

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-П «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңына сәйкес және ағымдағы қызметтің орындалуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда:

1. Алматы қаласы Әкімі аппарат басшысының орынбасары (С.А. Мәкежанов):

1) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды кешенді тексеруден өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі мәтін бойынша Комиссия) 1 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2. Комиссия 2 қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кешенді тексерулерін жүргізсін;

1) Тексеру нәтижесі Алматы қаласының Әкіміне 2 қосымшаға сәйкес берілсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Алматы қаласының әкімі

И. Тасмағамбетов

 

Алматы қаласы Әкімінің

2006 жылғы 5 мамырдағы

№ 53-ө өкіміне

1 қосымша

 

 

Кешенді тексерулерді өткізу жөніндегі комиссия құрамы

 

Комиссия басшысы

1. Қанат Таңатарұлы Сұлтанбеков

Алматы қаласы Әкімі аппараты ұйымдастыру бақылау-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі

Комиссия мүшелері

Нұргүл Сәлімжанқызы Бектенбаева

Алматы қаласы Әкімі аппараты жалпы бөлімінің меңгерушісі

Мағрипа Ахметқалиқызы Құлсейітова

Алматы қаласы Әкімі аппараты хаттама бөлімінің меңгеушісі

Римма Шәкірәтқызы Исабаева

Заң бөлімінің меңгерушісі

Жұманәлі Құрманәліұлы Сатаев

мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі

 

Алматы қаласы Әкімінің

2006 жылғы 5 мамырдағы

№ 53-ө өкіміне

2 қосымша

 

 

Кешенді тексерулерді өткізу кестесі

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.