«Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 411 Қаулысы (2011.21.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

2) мақсаты мен қолдану шарттарын;

3) тағамдық құндылығы туралы мәліметтерді (белоктардың, майлардың, көміртегілердің, витаминдердің, макро- және микроэлементтердің болуы), тәуліктік қажеттіліктің пайыздық құрамын;

4) дайын тағамдарды дайындау тәсілдері мен шарттарын (диеталық өнімдердің концентраттары мен жартылай фабрикаттарға қатысты);

5) сақтау шарттарын (сақтау шарттарына қойылатын талаптар белгіленген диеталық өнімдерге қатысты);

6) қарсы көрсетімдерді.

 

 

6. Қатерді бағалау

 

57. Барлық сәйкестендірілген қауіптер үшін қатерлерді бағалау оны тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіле отырып, есептеу, экспериментальдық және (немесе) сараптамалық жолмен жүргізіледі.

58. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдану қатерді талдауға негізделуге тиіс.

59. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамының өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау кезінде қолдағы ғылыми деректер, өңдеудің және өндірудің (дайындаудың) тиісті әдістері, инспекциялау, іріктеп бақылау, зертханалық зерттеулер әдістері, нақты аурулардың таралу дәрежесі, аурулардан таза аймақтардың болуы пайдаланылуға тиіс.

60. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамының өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау мынадай:

1) адам организміне зиянды әсер етуі мүмкін тағамдық өнімдердің сипаттамаларын анықтау;

2) әрбір анықталған ықтимал қауіптің адам организміне әсерін және олардың салдарын талдау;

3) анықталған қатерлерді шектеу шараларын айқындау жолдарымен жүзеге асырылады.

61. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамының өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау тамақ өнімдерін зертханалық зерттеу барысында қатерлерді кешенді бағалау ретінде жүзеге асырылады.

62. Өндірістік бақылау осы техникалық регламент негізінде заңды, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әзірлейтін өндірістік бақылау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады және аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісіледі.

63. Бақылау зерттеулерді немесе сынақтарды көрсететін жазбалар кәсіпорындарда диеталық тағамның жарамдылық мерзімі өтіп кеткеннен кейін бір жыл бойы, ал сапасы мен қауіпсіздігінің куәліктері - 30 (отыз) күн бойы сақталады.

64. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қатерді бағалау және оны шектеу жөніндегі шаралар туралы мәліметтер нормативтік-техникалық құжаттамада болуға тиіс.

Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің жаңа түрлерін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіптілікке талдау жүргізілмей әзірлеуге (жасауға) жол берілмейді.

65. Қатерді басқару қатерді бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етуді ескерту қағидатына негізделуге тиіс.

 

 

7. Сәйкестігін растау

 

66. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігін растау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілетін мемлекеттік тіркеу туралы белгіленген үлгідегі құжаттың болуы болып табылады.

67. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамының өнімдері техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағамдық қоспаларды өндірушінің (дайындаушының) ықтияры бойынша ерікті түрдегі сертификаттауға жіберілуі мүмкін.

 

 

8. ҚР Үкіметінің 2011.21.01. № 25 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

9. Қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары

 

70. Осы техникалық регламент ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

71. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестігін растау саласындағы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күшінде деп есептеледі.

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.21.01. № 25 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Балалар, диеталық және емдік-алдын

алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар»

техникалық регламентіне

қосымша

 

 

«Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»

техникалық регламентінің талаптары қолданылатын

өнімдердің тізбесі

 

ко

сэқ тн

коды

Позицияның атауы

 

1

2

1602

 

Ет, етгің жартылай дайын өнімдерінен немесе каннан жасалған дайын немесе консервіленген азық-түліктер

1602

10 00

- гомогенизделген даиын азық-түліктер:

1602

10 001 0

- - балалар тағамына арналған

1602

10 009 0

- - өзгелері

1901

10 000 0

- бөлшектеп сату үшін бөлшектеп орап салынған балалар тағамы

2005

 

2006 тауар позициясындағы азық-түліктерден басқа, сірке немесе сірке қышқылы қосылмай, мұздатылмай дайындалған немесе консервіленген көкөніс өзгелері

2005

10 00

- гомогенизделген көкөністер:

2005

10001 0

- - балалар тағамына арналған

2007

 

Жылы өңдеу жолымен, оның ішінде қантты немесе басқа да тәттілендіргіш заттарды қосу арқылы алынған джем, жеміс желесі, мармеладтар, жеміс немесе жаңғақ пюресі, жеміс немесе жаңғақ пастасы

2007

10

- гомогенизделген дайын азық-түліктер:

2007

10 10

- - құрамында массалық 13%-тен артық қанты бар

2007

10 101 0

----балалар тағамына арналған

2007

10 91

----тропиктік жеміс-жидектерден жасалған

2007

10911 0

- - балалар тағамына арналған

2007

10 99

----өзгелері

2007

10 991 0

------балалар тағамына арналған

2104

 

Дайын көже және сорпалар және оларды дайындау үшін дайындап кою; гомогенизделген құрамдағы дайын тағамдық азық-түліктер:

2104

20 001 0

- - балалар тағамына арналған

 

 

2-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.21.01. № 25 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)