«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 мамырдағы № 435 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 мамырдағы № 435 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 417-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту» деген 5.4. кіші бөлімде:

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстанның өңірлерінде халықты оқытуды ұйымдастыру (666 135 адам - 4,44%);»;

сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстанның өңірлерінде «жазғы компьютерлік мектептерде» халықты оқытуды ұйымдастыру (330 000 адам - 2,2 %);»;

«8. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:

«Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту» деген 4-бөлімде:

реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстанның өңірлерінде халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту (666 135 адам - 4,44%)»;

реттік нөмірі 3.5-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуға республикалық бюджеттен трансферттер бөлу:

2007 жыл - 133 748 адам;

2008 жыл - 248 591 адам;

2009 жыл - 248 591 адам;

2009 жыл - 35 205 адам 75 оқу сыныптарында»;

реттік нөмірі 5.4-жолдың 2-бағанында «Балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді» деген сөздерден кейін «және қызметкерлерді» деген сөздермен толықтырылсын;

реттік нөмірі 7-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстанның барлық өңірлерінде жазғы мектептерде» халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту (330 000 адам - 2,2 %)»;

реттік нөмірі 7.3-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «жазғы мектептерде» 2000 компьютерлік сыныпты ұйымдастыру»;

реттік нөмірі 7.5-жолдың 2-бағанында «жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің күшімен бюджеттен тыс саланың қызметкерлерін және өзге де санаттағы азаматтарды» деген сөздер «халықты» деген сөзбен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.