«Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген) (2018.14.06. берілген өзгерістермен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.25.09. № 494 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.13.04. № 168 Бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.30.01. № 36 бұйрығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 125 бұйрығымен

бекітілген

 

 

 Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін

ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің

үлгілік қағидалары

(2018.14.06. берілген өзгерістермен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің осы үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін анықтайды.

2. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - МЖМББС) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын және білім беру бағдарламаларын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.

3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) академиялық адалдық - білім алушының жазбаша жұмыстарды орындау (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық), емтихандағы жауап, зерттеулердегі, өз ұстанымын көрсету, академиялық қызметкерлермен, оқытушылар мен өзге студенттермен өзара қарым - қатынас, сондай-ақ бағалау барысындағы адалдығын айқындайтын құндылықтар мен ұстанымдардың жиынтығы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.