«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы № 415 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы № 415 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2008 жылғы 8 ақпанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісім бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.