«Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 136 Бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық
 куәліктерін беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 136 Бұйрығы

 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 12 тамыздағы № 354 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (М.М. Қубаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

С. Ахметов

 

Келісілген:

Қазақстан Республикасы

Ақпараттандыру және байланыс

агенттігінің төрағасы

___________________ К. Есекеев

2008 жылғы 3 сәуір

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2008 жылғы 21 наурыздағы

№ 136 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының

жердегі радиосәулелендіру құралдарының

жарамдылық куәліктерін беру

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы ұйымдарының жердегі радиосәулелендіру құралдарының (бұдан әрі - радиосәулелендіру құралдары) жарамдылық куәліктерін (бұдан әрі - жарамдылық куәліктері) беру тәртібін анықтайды.

2. Жарамдылық куәліктерін беруді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - Азаматтық авиация комитеті) жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.