Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар түрлерін, көлемін бекіту және оларды ұйымдастыру туралы
Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәіурдегі № 1040 қаулысы
(2010.05.04. берілген өзгерістермен)
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 482 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 ,37 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоғамдық жұмыстың көлемі мен түрлері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Х. Бөртебаева) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін. Қоғамдық жұмысқа қатысушы тұлғалардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген төменгі еңбек ақысы есебіне сәйкес жыл қаржысынан нақты атқарған уақыты негізінде жүзеге асырылады және төлемдер жұмыссыздардың банкілердегі жеке есеп шоттарына аударылады.
3. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.А.Айдашева) 451-002-100 «Қоғамдық жұмыстар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2007 жылғы 19 ақпанда № 3-1-67 тіркелген Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 269 «Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық жұмыс түрлерін бекіту және оларды ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.