Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы
Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 9/82-4С шешімі
(2008.13.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 18/186-4С шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 491 бабының 2)тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес, Шымкент қаласының аумағында орналастыратын және жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкалары белгіленсін.