«Қостанай қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 84 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес және Қостанай қаласы әкімдігінің қаулысын қарап, Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-93, 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 3 «Қостанай» газеті, бұрын «Қостанай қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәслихаттың 2008 жылғы 16 қаңтардағы № 41, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-96, 2008 жылғы 19 ақпандағы № 13 «Қостанай» газеті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):
Аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1. 2008 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
«1) Кірістер 12487325 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер 8390934 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 37807 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1486544 мың теңге;
трансферттердің түсімдері 2572040 мың теңге.
2) шығыстар 13497492,8 мың теңге;
3) операциялық сальдо -1010167,8 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелеу -5544 мың теңге, оның ішінде бюджеттік несиелерді өтеу -5544 мың теңге;
5) тапшылық -1004623,8 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру 1004623,8 мың теңге».
Аталған шешімге 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр).
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ: