Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты: «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» (Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 99 қаулысымен бекітілді) (2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Облыс әкімдігінің

2008 жылғы 4 сәуірдегі

№ 99 қаулысына

қосымша

 

Ақтөбе облысының әкімиятының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 90 қаулысымен күші жойылды

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік
жәрдемақылар тағайындау»

(2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау.

2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету:

1) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңы 5 және 9 баптары;

2) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасың Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 Қаулысы;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 84 тармағы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет қызметті тұтынушының тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (одан әрі Бөлім) көрсетіледі (осы стандартқа 1-қосымша).

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау туралы шешім.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тұратын жан басына шаққандағы кірісі азық-түлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтары және оралмандарға көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.