Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты: «Тұрғын үй көмегін тағайындау» (Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 99 қаулысымен бекітілді) (2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Облыс әкімдігінің

2008 жылғы 4 сәуірдегі

№ 99 қаулысына

қосымша

 

 

Ақтөбе облысының әкімиятының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 90 қаулысымен күші жойылды

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»

(2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: тұрғын үй көмегін тағайындау.

2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету:

1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабы 2 тармағы;

2) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 12-6 тармақшасы;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 85 тармағы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет қызметті тұтынушының тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (одан әрі Бөлім) көрсетіледі (осы стандартқа 1-қосымша).

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): тұрғын көмегін ұсыну келісім-шарты.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға меншік түріне қарамай меншік иелеріне немесе жалға алушыға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 10 күн;

2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген уақыт - 40 минут;

3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген уақыт - 40 минут.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.

9. Осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тізімдер, сондай-ақ арнайы ақпарат көздері, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық мәліметтер Бөлімнің стендтерде, www.akimat.info веб-сайтында жазылған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.