Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 4 сәуірдегі
№ 99 қаулысына
қосымша
Ақтөбе облысының әкімиятының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 90 қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
«Мүгедектерге үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек
балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу»
(2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: мүгедектерге үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу.
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету:
1) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 23 бабы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 87 тармағы;
3) 2005 жылғы 23 желтоқсанда № 3985 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө бұйрығымен бекітілген әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгілік ережесінің негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет қызметті тұтынушының тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (одан әрі Бөлім) көрсетіледі (осы стандартқа 1-қосымша).
5. Тұтынушыға берілетін, көрсетілген мемлекеттік қызметтің аяқталу формасы (нәтижесі): үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау туралы шешім.
6. Мемлекеттік қызмет мүгедектер және жалғызбасты қарт азаматтарға беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 10 күн;
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген уақыт - 40 минут;