Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының
тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 6 шілде № 1021 Қаулысы
(2007.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 26 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 327 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының