Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 424 Қаулысы (2020.10.06. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 424 Қаулысы

(2020.10.06. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2020.10.06. № 368 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлар номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 737 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 377-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлар номенклатурасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1151 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 43, 576-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың номенклатурасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 6 мамырдағы

№ 424 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 18 шілдедегі

№ 737 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық

аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті

тауарлар номенклатурасы