Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы жедел ақпараты.
Қазақстан Республикасы өңірлерінің 2008 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп.2008 жылғы қаңтар-мамырда 2007 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды. Ең көп өсімге Атырау (18,5%), Павлодар (10,2%), Жамбыл (9,4%) және Маңғыстау (4,8%) облыстары қол жеткізді. Мұның өзінде 5 өңір өнеркәсіп өндірісінің республикалық деңгейінен асып түсті. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің төмендеуі Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында байқалды.
2008 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өнімі көлемінің өсуі (төмендеуі)
(2007 жылғы қаңтар-мамырға %-бен)
Шикі мұнай өндіру Атырау (22,3%), Жамбыл (10,9%) және Маңғыстау (3,9%-ға) облыстарында өсті. Ақтөбе мен Қызылорда облысында ол, тиісінше, 3,4% және 3,2%-ға төмендеді.
Газ конденсатын өндіру Маңғыстау (76,3%), Жамбыл (10,9%) және Батыс Қазақстан (2,8%-ға) облыстарында өсті.
Қостанай облысында теміркенді шекемтастар өндірісі 9,8%-ға төмендеді.
Мыс кенін өндіру Шығыс Қазақстан облысында 44,0%-ға өсті, ал Қарағанды және Ақтөбе облыстарында оны өндіру, тиісінше 6,5% мен 8,0%-ға төмендеді.
Болат қорыту Павлодар (35,8%), Қостанай (27,4%) және Шығыс Қазақстан (1,3%) облыстарында өсті, ал Қарағанды облысында оның өндірісі 5,3%-ға төмендеді.
Өңделмеген мырыш өндіру Шығыс Қазақстан облысында - 0,5%-ға өсті, ал Қарағанды облысында - 15,5%-ға төмендеді.
Тазартылған мысты қорыту Алматы қаласында (22,9%) және Қарағанды облысында 14,8%-ға төмендеді.
Шығыс Қазақстан облысында жолаушыларға арналған жеңіл автомобильдер шығару 13,9%-ға өсті.