2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы (үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 10 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
364-ҚОСЫМША
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ғарыш саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 95038 мың теңге (тоқсан бес миллион отыз сегіз мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3, 21-24-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы» 2007 жылғы 27 наурыздағы № 302 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.